№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » COVID-19: сынама тестті қалай, қайда қанша теңгеге тапсыруға болады?

COVID-19: сынама тестті қалай, қайда қанша теңгеге тапсыруға болады?

Ауданда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Соңғы күндері коронавирус пен пневмония салдарынан өлім көбейді. Науқастардың саны артқандықтан тест тапсыруға ниетті адамдар артты. Осыны ескеріп, тұрғындар COVID-19-ға тестті қалай, қайда тапсырады және қанша теңге тұратыны жөнінде анықтадық.

Қолға тиген соңғы мәлімет бойынша, ауданда 240 адам коронавирус жұқтырған. Бұл – COVID-19 белгісі бар белгілі науқастар саны. Ал вирус белгісі жоқ тасымалдаушылар саны – 145-ке жетті. Инфекциялық стационарда – 16, провизорлы стационарда – 198, үй карантинінде симптомсыз – 78 науқас есепте тұр. Сондай-ақ қарым-қатынастағы 401 адамға бақылау жүргізілуде. Бұл мәлімет өз денсаулығы үшін тест тапсыруға ниетті адамдар санын артқанын көрсетеді.
Коронавирусқа шалдыққаныңды анықтайтын тест сынамасын ақылы және ақысыз тапсыруға болатындығы белгілі. Осы ретте Қызылорда қаласындағы жеке медициналық орталыққа хабарласып тест тапсырып көрсем деген ниетімді жеткіздім. Жеке болған соң бойыңызда вирустың бар не жоқ екенін анықтап беру қызметі ақылы екені мәлімдеді. Алдымен сынама түрі қалай жасалатынын білдім. Мамандар қан тапсырасыз, екі күннің ішінде нәтижесі қолыңызға тиеді дегенді алға тартты. Тест бағасы – 5740 теңге. Ал мұрын қуысы арқылы анықтау керек болса 16000 теңге қажет болады. Нәтижесі үш жұмыс күнінде анықталады.
Айта кететіні, ауру белгісін анықтау үшін ОЛИМП, INVIVO секілді жекеменшік медициналық орталықтарының қызметіне жүгінуге болады. Мәселен, «ОЛИМП» орталығында бұл қызметтің бағасы – 15 400 теңге. «INVIVO» зертханасында –18500 теңгені құрайды. Бұл орталықтардың қызметіне жүгінетін болсаңыз, бар болғаны жұтқыншақ пен мұрын қуысынан биологиялық талдау алатынын білгеніңіз жөн. Тест нәтижесі 3 күнде белгілі болады. Коронавирус инфекциясына диагностика екі тәсілмен, яғни эспресс-тест және ПТР тексеру арқылы жүргізіледі. Экспресс-тест қан тапсыру арқылы алынса, ПТР диагностика жұтқыншақ пен мұрын қуысына биологиялық талдау жасалады.
Тест тапсырар алдында мына ережелерді ұстану қажет. Біріншісі, өзіңізге тыныс алу маскасы мен жеке куәлігіңіз болуы тиіс. Екіншісі, кезек күту кезінде 1,5-2 метр арақашықтықты ұстану міндет. Үшіншісі, тест тапсырмас бұрын 3 сағат ішінде тамақ және сусын ішпеу керек және тісіңізді жуып, ауыз шаю маңызды.
Қазір күмән мен күдікке берілген тұрғындар арасында тест тапсыруға деген ниетті көруге болады. Сондай тұрғынның бірі Айсара: «Біз отбасымызбен өршіп тұрған тұмаумен ауырып шықтық. Балаларды уайымдадық. Өз денсаулығымыз үшін Олимп орталығына тест сынамасын тапсырдық. Қан арқылы анықталатын тест құны 5740 теңге екен. Бүгін нәтижесін білмекке келдім» – деді.
Енді тесті кімдер тегін тапсыра алады. Соған тоқталсақ. Коронавирусты жұқтырғандығына күманданып, ауру белгілері байқалған жағдайда 10 санат бойынша тестілеу ақысын әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді. Олардың қатарына инфекциялық стационарға жатқызылған пациеттер, COVID-ке шалдығуы мүмкін деген провизорлық стационарда жатқан пациенттер, үйде оқшауланып, карантинде жатқандар, пневмония белгісі бар амбулаторлық деңгейдегі және симптомсыз COVID-19 дертімен дәрігер бақылауында жатқандар кіреді.
Ал МӘМС аясында ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылғандар мен 37 апталық жүкті мерзіміндегі әйелдер, босанған жас аналар мен гемодиализде жатқан пациенттер мен жаңа туған нәрестелерге хаттамаға сәйкес тест сынамалары жүргізіледі. КВИ-ға байланысты қандай да бір ақпарат пен мәселе туындаса 1416 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Қазір ең маңыздысы вирусты жұқтырмау керек. Ол үшін сақтық шараларын күшейту керек. Бұл жөнінде ауданның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шынар Айдарова айтып берді.
Оның сөзінше, карантиндік режим жеңілдетілгеннен кейін тұрғындар арасында жағдайға немқұрайлы қарады. Соның салдарынан эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті.
– Халық қауіпті індеттің бар екеніне көздері жетіп, инфекцияны жұқтырып алмаудың жолын іздеуде. Оның жолы біреу ғана, ол – оқшаулану», – дейді маман.
Коронавирусты алдын алуға әлі де кеш емес. Ол үшін халық мәселеге мән беріп, сақтық шараларын өз еріктерімен, өз ықтиярымен ұстануы тиіс. Бұдан басқа жолды көріп тұрған жоқпыз...

Лаура БИБАСАРОВА
04 шілде 2020 ж. 711 0