Соңғы жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

15 қыркүйек 2026 ж. 60

АДАСПАЙЫҚШЫ, АДАМДАР!

15 қыркүйек 2026 ж. 60

Қош-қош айтып, құстарға...

15 қыркүйек 2026 ж. 60

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 42 500-ді аласыз ба, әлде алмайсыз ба – енді өтінішті өзіңіз тексере аласыз

42 500-ді аласыз ба, әлде алмайсыз ба – енді өтінішті өзіңіз тексере аласыз


Енді қазақстандықтар 42 500 теңге жәрдемақыға берген өтініші қандай кезеңде қаралып жатқанын тексере алады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге жәрдемақы алуға берген өтініштің статусын тексеруге мүмкіндік беретін сервисті іске қосты. Бұл туралы вице-министр Нариман Мұқышев хабарлады, деп жазады 
sputniknews.kz .

"Біз үнемі әлеуметтік желілерді қарап отырамыз. Қазіргі уақытта адамдардың ең көп сұрайтыны – "Мен бірнеше күн бұрын өтініш бердім, бәріқ әлі күнге дейін жауап жоқ". Сондықтан Біржан Нұрымбетовтің (Еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрі – Sputnik) тапсырмасы бойынша 42 500 теңге төлем бойынша статусты тексеретін сервис іске қосылды", - деп жазды вице-министр Instagram-парақшасында.
Сонымен, өз статусыңызды тексеру үшін:
•42500.enbek.kz сайтына кіріңіз
•"Өтінім статусын тексеру" деген жерді басыңыз
•ЖСН мен жеке куәлік нөмірін енгізіңіз
•“Мен робот емеспін” деген жерге ✔ белгісін қойып, "тексеру" батырмасын басыңыз.
Бірден өтінішіңіздің статусы шыға келеді.
Айта кеткен жөн, бір құрылғыдан бір сағаттың ішінде 3 сұранысқа дейін жібере аласыз.
Бұған дейін еңбек министрлігі 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны төтенше жағдай режимі кезінде екінші рет алу мүмкіндігі туралы хабарлаған еді.

12 сәуір 2020 ж. 1 126 0