№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ағашты қалай дұрыс отырғызу керек?

Ағашты қалай дұрыс отырғызу керек?

Ағашты қалай дұрыс отырғызу керек?

Ағашты отырғызу ережелері көшеттің түрлеріне байланысты. Олар екі түрлі болады: ашық тамырлы жүйесімен және жабық, яғни топырақ үймесі бар. Ашық тамыр жүйесі бар көшеттер үшін әдетте 50*50 см ор қазу керек. Сонан соң топырақты тексеру қажет: егер ол балшықты, сары түсті болса, топырақты ауыстыру қажет. Ол үшін 100*100 см шұңқыр қазып, оны ағаш отырғызуға жарайтын топырақ, қарашірік және құм қоспасымен толтыру керек. Сонан соң жарамды топырақтың ішінен шұңқыр қазып, су құю керек. Тамыр маңындағы мойынша – тамырдың діңгекке айналатын жері топырақтың ішіне кетіп қалмай, соның деңгейінде болағыны дұрыс. Сонан соң ағашты көміп, оның маңын айналдырып топырақтан бөгет жасайды. Ол суару кезінде су ағып кетпес үшін жасалады. Бір көшетті отырғызу кезінде оның ұзындығына байланысты 10-нан 100 литрге дейін су қажет.


Отырғызылған ағашты қалай күту керек?

Жас ағашты желдің күшінен сынып қалмауы үшін биік тақтайға байлап қойған жөн. Негізгі күтім – суару. Оны вегетация кезінде, дәлірек айтар болсақ көктемде, ағаш «ояна» бастаған кезде жасаған дұрыс. Көшетті молынан суару керек. Мысалы, биіктігі жарты метр болатын жас қарағайға кем дегенде 40 литр су қажет. Ылғал тамыр жүйесіне әбден сіңгені жөн. Көшетті топырағы құрғағанына байланысты суарып отырған абзал. Құрғақ жаз айларында аптасына екі рет суарған жөн.

Ағаштарды кесу керек пе, жәнеде оны қалай дұрыс жасаған жөн?

Ағашты кесудің бірнеше түрі болады: санитарлық, жасарту және пішін жасау. Санитарлық кесуді жасап отыру қажет. Құрғап, сынып қалған, сондай-ақ ағаштың өсуіне кедергі ететін бұталарды кесіп тастау керек. Кескен жерлерді зиянды микробтар түспеуі үшін арнайы бақшалық қайнатпамен немесе майлы сырмен бояп тастаған жақсы.
02 сәуір 2020 ж. 1 735 0