№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Автокөлігіңізге ағаш құласа, кімнен өтемақы талап ету керек?

Автокөлігіңізге ағаш құласа, кімнен өтемақы талап ету керек?


Бұл жайында Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Tengrinews.kz-ке айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басқарманың айтуына қарағанда, көлікке немесе адамның өзіне ағаш құлаған жағдайда, айыптыны және өтемақыны сот анықтайды.
"Әрине, кімнің жеңіп шығарын дөп басып айту қиын. Көлік қолайсыз жерге қойылған болуы да мүмкін ғой. Егер дауылдың салдарынан болса, Қазгидрометке барып желдің жылдамдығын анықтау керек дегендей… Сараптау жұмыстары жүргізледі бұл жерде", – дейді басқарма басшысы Олжас Жанысбаев.
Негізі өсіп тұрған ағаштарға сол ауданның әкімдігі жауапты көрінеді. Олар ағаштарды көшіру, отырғызу, кесу кезінде барлық тараппен келісімге келуі тиіс. Тұрғындар дәл осы ведомство арқылы апатты жағдайда тұрған ағашты алып тастауға рұқсат ала алады.
"Егер ағаш көпқабатты үйдің ауласында болса, ПИК пен тұрғындардың өздері ХҚКО-ға арыз жазады. Біздің мамандар барып, тексеріп көреді. Құлағалы тұрған ағаш ТЖД құтқару қызметінің көмегімен алынады. Ағашты алған жағдайда, орнына жаңа көшет отырғызылуы тиіс", – дейді басқармадағы мамандар.
ДЕРЕККӨЗ: Baq.kz
сайтынан.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 094 0