Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады

Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады


8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде үш күн, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында қатарынан бес күн демалыс беріледі
2020 жылы наурыз айында қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.

Қазақстанда наурызда екі ресми мереке аталып өтеді. Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 9 наурыз – дүйсенбі демалыс болады. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс беріледі.
21-23 наурызда елімізде үш күн Наурыз мейрамы тойланады. Бұл мерекенің екі күні – 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне түсетіндіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 5 күн қатарынан (21-25 наурызда – Sputnik) демалу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен, 1, 14, 15, 28 және 29 наурыздағы барлық демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.
06 ақпан 2020 ж. 1 196 0