№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жәрдемақы 2020: ана капиталын шешті ме?

Жәрдемақы 2020: ана капиталын шешті ме?

Ауданда 3 мыңнан астам отбасы көп балалылар тізіміне енген. Оларға мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп, әлеуметтің әлеуетін арттыруға дем беруде. Мемлекеттің айрықша көмегіне қол жеткізген жерлестердің қуанышын көпшілікпен бөлісуді жөн көрдік.

Жәрдемақының жөні бөлек
«Жыл басында 4 немесе одан да көп балалы отбасы табысына қарамастан жәрдемақы алады» деген хабар тарасымен тұрғындар құжаттарын тиісті орынға өткізіп, алғашқы жәрдем ақыларын алып, қажеттеріне жарата бастады. Ресми мәліметке сүйенсек, мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді. Жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға – 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленуде. Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды, бұл 2018 жылдан бастап тағайындалмайтын осыған ұқсас жәрдемақыдан 4,7 есеге көп.
Осы мемлекеттік жәрдемақыны ауданда қанша отбасы алып жатқанын білу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда бойынша филиалы, әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Жаңақорған аудандық бөлім басшысы Алия Аблаевадан жауап алдық. Бөлім басшысының мәліметінше, аудан бойынша жәрдемақы алып отырған көп балалы отбасылар  ішінде 4 балалы – 2097 , 5 балалы – 1145, 6 балалы – 358, 7 баладан жоғары – 105отбасы жәрдемақы тағайындалған. Жалпы, 3705 отбасыға мемлекет қамқорлық танытуда. Осындай мемлекет тарапынан жасалған көмекке қол жеткізген «Алтын алқа» иегері Динара Жукеева: «Биыл елдегі барлық көп балалы аналар үлкен қолдау көруде. Біз секілді көп балалы отбасылар үшін ай сайын қомақты қаржы бөлінуде. Балалардың несібесіне орай, өздеріне ең қажетті бұйымдарға қол жеткізіп, мүмкіндік сапалы білім алуға жағдай жасалды. Осындай қамқорлық танытып отырған басшыларға алғыс айтамын, – деді.
Айта кетерлігі, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға жеке мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Міне, осы санаттағы аудандағы аналарға 16 160 теңге беріле бастады.
АӘК жай-жапсары
Атаулыәлеуметтіккөмекжайынаойыссақ, онықаншаотбасыалып, тұрмысынтүзейбастады? Әлеуметтік көмекке берілген тауарлар жиынтығы халық көңілінен шықты ма?
Осы секілді сауалға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жарас Мырзалиевтен  жауап алдық.
Бөлім басшысының мәліметіне жүгінсек, Жаңақорған ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға  Республикалық бюджеттен 649423,0 жергілікті бюджеттен 199339,0 мың теңге, кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға Республикалық бюджет­тен 138053,0 мың теңге қаралған. Барлығы 986815,0 мың теңге құрайтын көмек аудан көлемінде 831 отбасының 5009 мүшесіне, яғни 2918 балаға 46135,2 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін тиісті қаражат толығымен төленді. Ал, ақпан айында өтініш берген 167 отбасының 1027 мүшесіне (оның ішінде 596 бала) 9348,5 мың теңге тағайындалды. Ақпан айына тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек наурыз айының 10 жұлдызына дейін 998 отбасына төленеді.
Тұрмыстық тауарлар жиынтығын берудің мақсаты не?
Биылғы жылдың ең жағымды жаңалығы – АӘК алушыларға қосымша тұрмыстық тауарлар берілуі. Нақтысын айтқанда, осы жылдың 28 ақпанынан бастап, қаңтар айында өтініш берген атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға «әлеуметтік пакет» үлестірілді.
Аудан бойынша 994 балаға үлестірілген «азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химия тауарларының жиынтығында» қандай заттар бар? Біз осыған назар аудардық.  Осы көмек  аудан бойынша бір жастан үш жасқа дейінгі 363 балаға  арнайы қажетті тауарын жасақтап, тиісті отбасыға тарқатылған. Сондай-ақ,үш жастан алты жасқа дейінгі 631 балаға ерекше тағамдар салынған жиынтық берілген. Осындай шарапатты көрген көп балалы ана Гүлзира Зиятова: «Балаларға ең қажетті тағамдарды алып қуанып қалдым. Бағалы әрі пайдалы асқа толтырылған. Бұл да болса, үлкен көмек. Балалар да қуанып қалды, –дейді разы көңілмен.
Осы «әлеуметтік пакетті» алда кент тұрғындары арасында кезек мәселесі болмауы үшін және жылдам қол жеткізуі үшін З. Мұсаханов көшесі бойында орналасқан «Сырдария» дүкенінде берілуде. Ол үшін жеке куәлігіңізді алып барсаңыз болғаны.
Айтакетерлігі, әлеуметтіктоптамашеңберіндеұсынылатынкөмектіңекітопқабөлуініңөзіндікмәнібар. Оғансебеп, балаағзасынқұндыдәруменментолықтыруүшінбалағажасерекшелігінесайеңқажеттіазық-түлікпентолтырылды. Азықтүлікқатарындабаланыңтүрліботқалары, сусындары, печенесі, дәруменгебайазықтарбар. Мұны, күнделіктіотбасылықазық-түлікпеншатастыруғаболмайды. Бұлкөмектібалақайлардыңжақсытамақтанып, денсаулықтарынығайюыүшінмемлекеттіңқолдауыдепұғынғанабзал. Себебі, балалар – біздің болашағымыздың кепілі.
Мақпал МАРҚАБАЙ
09 наурыз 2020 ж. 477 0