Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Дания Мәдиқызы ЕСПАЕВА дүние дидарын ашқан күн. Ел үшін еңбек етіп жүрген нәзік жандының ғұмыры туралы біле жүріңіз. Ақтөбе облысында туған. Алматы есеп-несие техникумын (1982); Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1993) бітірген, экономист. Еңбек жолы: КСРО Мемлекеттік банкінде Ақтөбе облыстық басқармасы несие бөлімінің экономисі (1982-1986); аға экономисі (1986-1987); Өнеркәсіп-құрылыс банкі облыстық басқармасы ақша айналымы бөлімінің аға экономисі (1988-1991); «Тұран» СО Ақтөбе филиалының бас есепшісі (1992); «Тұран» СО Ақтөбе филиалы директорының орынбасары (1992-1995); Қазақстан Әлем Банкі Ақтөбе облыстық басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығының міндетін атқарушы (1995-1997); «Тұран Әлем Банкі» АҚ директорының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары (1998-2005); «Тұран Әлем Банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры (2006-2014); «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры (2014-2016). Қазіргі қызметін 2016 жылғы наурыздан бері атқарып келеді. «Құрмет» (2011) орденімен; «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл», «Үздік қаржыгер» медальдарымен марапатталған.