Қазақстанда тұратын барлық этнос бір ұлт болып саналады
Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар, этникалық топтар шындығына келгенде бір ұлт саналады. Бұл жайында Kyzylorda-news.kz. сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" хабарлайды

Мемлекет басшысы Қазақстанда тұрақты тұратын әрбір этностың өзіндік ерекшелігіне нұқсан келтірмеуі тиістігін баса айтты.
«Олардың барлығы өздерінің тілдерін оқып, қолдануға, мәдениеттерін дамытып, әдет- ғұрыптарын сақтауға құқылары бар және болып та қала береді. Бұған қоса, қазақ тілі де жедел дамуы тиіс. Ол болашақта шын мәнінде ұлтаралық байланыс тіліне айналуы тиіс. Бізге әлемдік ғылым мен мәдениет біліміне жол ашқан орыс тілінің тарихи мәнін төмендетіп отырғаным жоқ. Қазақстан тұрғындары оны жоғары деңгейде білуі тиіс. Мұның бізге тек пайдасы бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.