№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Анар Жаилғанова Біріккен Араб Әмірліктері елшісімен кездесті

Анар Жаилғанова Біріккен Араб Әмірліктері елшісімен кездесті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мохаммад Ахмад Сұлтан Эсса Альджабермен кездесті.
МҚІА төрағасы елшіге мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелеріндегі және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпарат берді.
«Тұңғыш Президент-Елбасы мемлекеттік басқару саласында цифрландыру мен жаңа технологияларды қолдануға көп көңіл бөледі.
Ел Президенті сондай-ақ мемлекеттік қызметтер мен жалпы экономиканы цифрландырудың маңыздылығын атап өтті. Жыл басында Ел Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барып, Дубайды әлемдік қаржы және туристік орталықтарыдың біріне айналуға мүмкіндік берген сіздің еліңізде жүргізілген реформаларға жоғары баға берді.
Мемлекет басшысы біздің алдымызға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» аясындағы қызметімізді қайта құру жөнінде үлкен міндет қойды. Біздің барлық қадамдарымыз халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін барынша қолайлықты қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Біз үшін жасанды интеллект қолданудағы сіздің еліңіздің тәжірибесі қызықты, себебі сіздерде әлемдегі алғашқы Жасанды интеллект университеті ашылды.
Экономиканың түрлі секторларын дамыту бойынша, соның ішінде цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту бойынша тәсілдеріңізді егжей - тегжейлі зерттеу үшін қазақстандық делегацияның БАӘ-ге сапары жоспарлануда», - деп атап өтті ол.
БАӘ сапары барысында «Смарт Дубаи» Кеңсесінің, Абу-Даби мемлекеттік акселераторының жұмыс тәжірибесін, Жасанды интеллект университетінің қызметін зерттеу бойынша бірқатар кездесулер жоспарлануда.
Өз кезегінде БАӘ-нің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі сапар барысында БАӘ министрлер кабинетінің және болашақ істері жөніндегі министрі Мухаммед Абдулла аль-Гергавимен, БАӘ-нің бақыт және амандық мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі және премьер-министр кеңсесінің бас директоры Охуд бинт Халфан Аль Руми мырзамен кездесулер жоспарланғанын атап өтті.
Мохаммад Ахмад Сұлтан Эсса Альджабердің айтуынша, бақыт БАӘ ұлттық саясатының мақсаттарының бірі болды. Әлеуметтік талдау және деректерді зерттеу саласындағы жетістіктер бақытты сандық бағалауға берілуіне ие болды және бұл мемлекеттік билік органдарына оның экономикалық құндылығын ескеруге мүмкіндік берді. Бақыт деңгейін анықтау үшін мемлекеттік қызметтердің сапасына маңызды рөл беріледі.
Оның айтуынша, БАӘ қазақстандық делегациясының сапары аясында мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы меморандум жобасын талқылау жоспарланған.
Сонымен қатар, қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді Жасанды интеллект университетінде оқыту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Кездесу соңында Агенттік төрағасы қоғамдық диалог, халықтың қажеттілігінің ашықтығы мен тиімді шешімі мемлекеттік органдар қызметіндегі басты басымдықтарға айналатынын атап өтті: «Қазір біз мемлекеттік қызметтің инновациялық моделіне көшу мәселелерін пысықтап жатырмыз, оның негізгі құрамдастары: тұтынушыға бағдарлану, ұтқырлық, бәсекеге қабілетті кадрлар үшін тартымдылық және адами ресурстарды тиімді бөлу болып табылады. Осы міндеттерді ескере отырып, бізге сіздің еліңіздің тәжірибесі өте қызықты».
Тараптар білім мен тәжірибе алмасу, азаматтардың игілігі үшін мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелерін талқылау үшін әлеуетті арттыру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісті.
МҚІА баспасөз қызметі
12 ақпан 2020 ж. 567 0