№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров жайлы фильмнің тұсауы кесілді

Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров жайлы фильмнің тұсауы кесілді

Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров жайлы түсірілген көркем-деректі фильмнің тұсауы кесілді.
Бір сағаттық туындыны алғаш болып Қарағанды академиясының курсанттары, болашақ тергеушілер тамашалады. Қоюшы режиссер Алексей Каменскийдің айтуынша, небәрі 23 жыл ғана өмір сүрген қазақ Батыры жайлы дерек аз. Сондықтан фильм түсіру оңайға соқпапты. Сценарийі Нұркен Әбдіровтың анасы Бағжанның күнделігі бойынша жазылған. Ал түсіру жұмыстары Ресей мен Қазақстанның бірнеше қаласында жүргізіліпті. Туындыда Батырдың көзсіз ерлігі баяндалады.  Алексей Каменский, фильм режиссері: 
- Фильмді түсіру барысында біраз тың деректер таптық. Мәселен, соңғы шабуылда Нұркенмен бірге қаза тапқан атқыш Александр Комиссаровқа Батыр атағы тек 20 жылдан кейін ғана берілгенін білеміз. Ал бұған Нұркеннің анасы Бағжан апай ықпал еткен екен. Ол атақты жазушы Михаил Шолоховтың үйінде қонақта болғанда, баласының серігіне Кеңес Одағының Батыры атағын беру жөнінде өтініш айтып, кейін ол жүзеге асады. Фильмде бұл жайлы айтылады.
10 ақпан 2020 ж. 1 447 0