№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тәлімді шараның тағлымы

Тәлімді шараның тағлымы

Бүгінгі таңда   «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ұстаз Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай ауданда мазмұнды шаралар жиі өткізілуде.
 
Бұл бағытта №163 орта мектептің 9 «а» сынып оқушыларына «Әл-Фараби біздің ұлы бәйтерегіміз»атты  ашық тәрбие сағатын ұйымдастырып, ғұлама ғалымның философиялық шығармаларымен терең танысып, тәрбиелі мәні зор рухани құндылықтармен молынан сусындады. Оқушылар «Екінші ұстаздың» шығармаларынан үзінділер оқып, «Қайырымды қала тұрғындары»  еңбегіне талдау жасады. Ұлы ойшылдың  өмірінен көрініс қойып, ұмытылмас әсер сыйлады. Мектеп кітапханашысы Салтанат Сейтен Әл-Фарабидің шығармашылығына арналған көрмемен таныстырып, баба кітаптарын толық оқуды ұсынды. Тәрбиелік шараны ата-аналар мен мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлбану Жаппарова қортындылап, сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Меруерт Мелденоваға ризашылықтарын білдірді. Мұндай тағлымы мол тәлімді шаралар алдағы уақыттада жалғасын табатыны белгілі болды.
Әсем ЮСУПОВА,
№163 жалпы орта мектеп кітапханашысы
09 ақпан 2020 ж. 451 0