Соңғы жаңалықтар

№35 (8849) 13

13 мамыр 2025 ж.

№34 (8848) 10

10 мамыр 2025 ж.

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ғалымның хаты өлмейді

Ғалымның хаты өлмейді

1939 жылдың 7 қаңтарында  химия ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі Шайсұлтан Шаяхметов дүниеге келді.
Ол Қостанай облысында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым академиясы элементтік-органикалық қосылыстар институтының аспирантурасын бітірген.
1987-1993 жылдары - Қазақ КСР Жоғары және орта арнайы білім министрі, Қазақстан Республикасы Халыққа білім беру министрі. 1997-1998 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығының директоры. 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жанындағы республикалық орталықтың директоры, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қорының президенті қызметтерін атқарған. Республикалық самбо және қазақша күрес бойынша федерациясының президенті болып сайланған.
30 ғылыми жарияланымның, 2 химия бойынша қазақша-орысша терминологиялық сөздіктің, 3 оқу құралының авторы.
07 ақпан 2020 ж. 744 0