№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өрт жағдайын өзіміз тудырмайық

Өрт жағдайын өзіміз тудырмайық


Жаңақорған ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жыл сайын өрт оқиғасының көбейіп келе жатқанын хабарлап, алдын алу шараларына барынша шақыруда. Мәселен, 2019 жылы Сыр өңірінде 538 өрт оқиғасы орын алып, 8 тұрғын қаза тапқан. Былтыр Жаңақорған ауданының төңірегінде 47 өрт оқиғасы тіркеліп, бір жасөспірім бақилық болды. Биылдың өзінде өңір бойынша орын алған өрт салдарынан 47 580 300 теңге шығын келіпті.
Шыны керек, өрт салдарынан дүние мүлкінен, маңдай термен жинаған бар байлығынан, енді бірі өмірімен қоштасуда. Жылл басынан бері екі апта көлемінде аудандағы өрт оқиғасының кесірінен 6 мил 780 мыңның шығыны орын алған. 2018 жылмен салыстырғанда былтыр өрт 4,2 процентке, келген шығын 69,8 процентке жоғарылап отыр. Аудан көлемінде орын алған 47 оқиғаның көбі тұрғын үйде, қалғаны көлік құралдарында орын алған.
– Өткен жылғы өрт салдарынан бір тұрғын үй, екі автокөлік пен мал азығы толығымен жанып кеткені рас. Жалпы өрттің шығуына басты себеп – тұрғындардың ережені дұрыс сақтамауы. Оттықты дұрыс пайдаланбау, темекі кесірінен, кәмелеттік балалардың ата-ананың қарауынсыз оттықпен ойнауы, тұрмыстық газдардың салдарынан өрт оқиғасы жиі орын алуда. Сондықтан өрт ұшқыны көрінген жағдайда «101» немесе «112» телефонына хабарласуыңыз міндетті, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Өскен Мүбарәк.
Өрттің алдын алу мақсатында қандай сақтық шараларын қолдану керек? Ең алдымен, газ жүйесіне абай болғандарыңыз жөн. Өйткені кей пештер, қазандықтар, басқа да жылу беру құралдары мен жүйелерінің сапасы сын көтермей жатады. Жарамсыз пештерді пайдаланбаған жөн. Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және тоқ көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалағаныңыз жөн. Әсіресе, балаларды үйде қараусыз қалдырмауға, автокөліктерді тексеруден өткізіп тұруға кеңес береді жауапты сала мамандары.
Тағы бір айта кетерлігі, қарғын судан сақтанудың да алғы шарттарын сақтай білген абзал. «Апат айтып келмейді» демекші, өрт пен судан келетін қауіпқа қашанда әзір болғанымыз абзал. Ең бастысы, болашақ балалардың қамын ойлап тірлік жасағанымыз абзал, ағайын!

Дайындаған Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
22 қаңтар 2020 ж. 651 0