Тұрғындар қауіпсіздігі басты мақсат
6-15 қаңтар аралығында «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанатының бастамасымен «Қауіпсіз қала» атты республикалық акция-рейді өтті. «Бақытты отбасы» жобасы аясында өткен акцияға жаңақорғандық жастарда белсенді қатысты. Нақтысын айтқанда, аудан аумағындағы тұрғын үйлерде газды реттеу датчигінің жағдайына және су құбырларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Бірлескен топ әрі қарай тұрғындарға газ кему датчиктерін тұтыну және көмірден улануды болдырмау газ пайдалану ережесін сақтауда мемлекеттік стандарттарды орындау, оны уақтылы ауыстыру жұмыстары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғын үйлерді аралау кезінде қызметкерлер қондырылған көмірқышқыл газын анықтайтын дабылқаққыш құрылғысына мониторинг жасау жұмыстары жүргізді. Шара барысында азаматтық қорғау аға лейтенанты Өскен Бахытқалиұлы өрттің статистикасы мен себептері жөнінде саралай келе, қарапайым пешпен жылытылатын жекелеген тұрғын үй иелеріне сақтық ережелерімен таныстырды.
Көмірқышқыл газынан уланудың алдын алу үшін тұрғын үйлерде көмірқышқыл газын анықтайтын дабылқаққыш құрылғыларын орнату маңызды.
Тұрғындар тарапынан рейд барысында ұсыныстар мен нұсқаулықтарды орындап, жылыту маусымында техникалық ережелерді талаптағыдай сақтаудың сапалық деңгейіне жауапкершілік танытуы жастардың кезекті бастамасының бір нәтижесі деп түсіндік.
Майра ҒАНИЕВА