№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Робот жаулаған заман

Робот жаулаған заман

ХХІ ғасыр ақпарат пен техника дәуірі десек, адамның көп шаруасын роботтар орындай бастады. Тіптен, соңғы шыққан роботтар адамша сөйлеп, адамша ойлайтын қабілетке ие. Ендеше үздік роботтар жайлы ақпаратқа тоқталсақ.
Біздің назарымыз хирург роботқа түсті. Соңғы 17 жылда «da Vinci» хирург роботының көмегімен әлемде 3 млн. жуық науқасқа ота жасалған. Ол – дәрігерге ота жасау аймағын HD-сапада көруге мүмкіндік беретін хирургиялық жүйе.
Сондай-ақ, аспазшы роботтар бар. Бұл құрылғыны жеке робот емес, тұтастай асхана деп санауға болады. Ақылды құрылғы екі қолының көмегімен мәзірде тапсырыс берген пәрмен бойынша бұйрықты орындайды. Адам қанша уақытта ас әзірлесе, робот та дәл сол уақытта тамақ жасауға қауқарлы. Дерек көздеріне сүйенсек, аталмыш робот асхана осы жылдан бастап сатылымға шығады.
Жапония ауылшаруашылығы саласын роботтардың көмегімен иегере бастады. Яғни, бақташы роботтар адамға көмекші бола бастады. Құрылғы қазіргі уақытта енді құрастырылуда. Соңғы сынақ кезеңінің нәтижесі бойынша, SwagBot мал бағуға, заттарды орнынан жылжытуға, бау-бақшаға қарауға өте тиімді робот. Құлтемірді жасау үшін Сидней университетінің ұстаздары аянбай тер төгуде.
Бау-бақша техникаларының қатарына қосылған тағы бір робот – AgBot. Оның қызметі – бақшаны химиялық және механикалық тәсілмен барлық арамшөптен арылтып, егін топырағын тыңайтады.
Ал, «қойма» роботы жиналған жүкті бір орыннан екінші орынға қозғалту үшін ойлап табылған. Жұмысшыларға айлық төлегеннен гөрі осындай құрылғыларды сатып алып өз жұмыстарын ілгері жүргізіп жатқан компаниялар көп. Мәселен, 2015 жылы Қытайдың Everwin Precision Technology компаниясы жұмысшыларының 90 пайызын дәл осындай роботтарға ауыстырған. Ал, Жаңа Зеландияның Domino’s Pizza қызметкерлері жұмыстарына көмек ретінде осы құрылғының көмегімен пицца жеткізуді бастап кеткен.
Сондай-ақ, «Кітапханашы» роботтар үлкен кітапханаларда оқырмандар іздеген кітапты тез табу мақсатында қолданылады. Бұл роботтар Канзас-Ситидегі Миссури университетінде сынақтан өтіп, жоғарғы деңгейдегі құрылғы деп танылған.
Шетелдік ойын-сауық орталықтарының көлік тұрақтарында қарауылдың қызметін «күзетші» роботтар атқарады. Жартыметрлік күзетшінің кеудесіне камера орнатылып, GPS қойылған. Бұл аппараттар Сан-Франциско және Калифорния қалаларында өз қызметін көрсетіп жүр.
Айта кететіні, жақында Қытайда дәрігер робот ресми лицензия алған. Қытайдың iFlyTek компаниясы шығарған ИИ роботы төрт жылдан кейін нәтижесін берді. Кезекті сынақ кезінде робот дәрігерлер тапсыру керек емтиханнан үздік шыққан. Ол барлығы 360 ұпайдан асып, 456-сын дұрыс орындаған. Яғни, адам дәрігерден асып түскен.
Sony компаниясының соңғы жаңалығына сенсек, қабілетті «робот-ит» жасап шығарған. Ит бейнесіндегі интеллектуалды қабілеті бар робот өндіруді қолға алған Sony бұл жаңалықтарының көктемде жүзеге асатынын айтқан. Қызығы, бұл күнделікті балалар ойнауға арналған ойыншық робот емес, үй шаруасында адамға көмекші болатын, тірі иттің рөлін атқаруға тырысатын өнім болмақ. Sony осыған дейін Aibo робот-ит жарыққа шығарған.
Бұдан түйгеніміз, болашақта барлық дүниенің кілті адамда болғанымен, барлық жұмысты роботтар жасай бастайды. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында роботтехнологияны дамытуды тапсыруының мәні осында. Демек, әлемдік бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолында жастарды роботтехнология саласын меңгеруіне бағыт-бағдар беруіміз тиіс. Себебі, заманауи технологияның тілін білмей ілгері басу мүмкін емес.


09 қаңтар 2020 ж. 1 019 0