Жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы болжамы
Синоптиктер 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 1-4 қаңтары аралығына ауа райы болжамын ұсынды.

Мамандар 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 1-4 қаңтары аралығында ауа температурасының күрт төмендейтінін айтады.
"Еліміздің батыс өңірінде түнде -8…16 аралығында аяз болады, күндіз ауа температурасы -8 және +5. Солтүстік-батыс өңірлерде түнде сынап бағанасы -15..25 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа темпаратурасы -8…15 суық болады. Солтүстік және орталық облыстарда түнде -5... 25 және -5-18 аяз болады. Күндіз ауа температурасы -5…16 және 0…8-ге дейін төмендейді. Шығыста түнде -10…18, -15…23 аяз болса, күндіз ауа температурасы -2…10 және -7…12-ге көтеріледі. Оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде сынап бағанасы -8...15 градус суықты көрсетеді. Күндіз ауа райы +7...10 шамасында жылы болады", - делінген хабарламада.