» » Жаңақорғанда 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында спорттық іс-шара өтті

Жаңақорғанда 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында спорттық іс-шара өтті



  Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай спорттық іс-шара өткізілді.
     Іс-шарада аудандық соттың «Әділет», аудандық прокуратура мен аудандық пробация қызметкерлерінен құралған «Астана», АІІБ-нің «Ақсұңқар», аудандық төтенше жағдайлар комитетінің «Құтқарушы» командалары волейбол, кіші футбол, шахмат, дойбы спорт түрлерінен өзара сайысқа түсті.
      Мұндай додаларды ұйымдастырудағы басты мақсат жастардың патриоттық сезімдерін күшейту және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Осылайша аудандық сот Тәуелсіздік мерекесін тойлауда алғашқылардың бірі болып бастады.
     Алдымен аудандық соттың төраға міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева алғы сөз сөйлеп, іс-шараны ашып берді. Ә.Түбекбаева өз сөзінде 16-желтоқсан ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тарихқа көз жүгіртсек 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша Қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы еді. Тәуелсіздік-бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Бүгінгі таңда елімізде халықаралық стандарттарға сай заң базасы құрылды, әділет органдарының өкілеттігі кеңейіп құлаш жайып, алға қойған міндеттерді атқаруда. Сот органдарының алға қойған міндеттері сот әділдігін, заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық ағарту тиімділігін бұдан әрі көтеру, адам құқығын қорғау. Сот жүйесі құқықтық мемлекет құруға бағытталған барлық күш-жігерлерін салып қызмет атқаруда екендігін айтып өтті.
       Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан аудандық соттың «Әділет» командасы 1-ші орын, АІІБ-нің «Ақсұңқар» командасы 2-орын және аудандық прокуратура мен аудандық пробация қызметкерлерінен құралған «Астана» командасы 3-орын иеленсе, осы ойында         әдемі ойын-өрнегін көрсеткені үшін аудандық соттың «Әділет» командасынан үздік ойыншы атағына ие болған Алмасов Асылжан марапатталса, үздік доп беруші атағына АІІБ-нің «Ақсұңқар» командасынан Бекжұманов Шыңғыс марапатталды.
     Ендігі кезекте кіші футболдан АІІБ-нің «Ақсұңқар» командасы 1-орын, аудандық соттың «Әділет» командасы 2-орын және аудандық прокуратура мен аудандық пробация қызметкерлерінен құралған «Астана» командасы 3-орын иеленсе, осы ойында үздік қорғаушы Дайрабаев Бағдат марапатталса, үздік шабуылшы Нұрмышов Бақытжан марапатталып, үздік қақпашы атағына ие болған Маменов Тұрсынбек марапатталды.
     Шахмат ойынынан АІІБ-нің қызметкерлері Төлешов Ғани 1-орынды иеленсе, дойбы ойынынан Сыздықова Айым 1-орынға ие болды.
Жарыс соңында жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
      
      Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
13 желтоқсан 2018 ж. 1 074 0