№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту» аясында семинарда дәріс оқыды

«Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту» аясында семинарда дәріс оқыды


«Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының облыс бойынша филиалы тарапынан «ҚР 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат» тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылдың 22-қарашасында Жаңақорған ауданында мемлекеттік қызметшілерге жаппай құқықтық семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты мен міндеті - мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, мемлекеттік сатып алу туралы теориялық және практикалық дағдыларды меңгерту, мемлекеттік қызмет саласын реттейтін заңнамаларды түсіндіру болып табылады.
Семинарға Қызылорда облыстық сотының судьясы Маликова Шолпан Маратқызы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерлету кабинетінің қызметкері Тұрабаева Ақмарал Айдарқызы, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Сыздық Бақытжан Серікболұлы, Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының қызметкері Әйтімов Әбдімәлік, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұралы Бақытжан Уалиханұлы және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Қасымов Серік Қасымұлы қатысып, тиісті сала мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде Қызылорда облысы сотының судьясы Ш.Маликова Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері мен қағидаттары, әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік жауаптылық, әкімшілік жауаптылықты болғызбайтын мән-жайларға тоқталды.
Сондай-ақ Ш.МаликоваҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен сот жүйесінде жүргізіліп жатырған реформалар, енгізілген жаңашылдықтармен  бөлісті.
Семинарға  қатысушылар тақырып бойынша өзара пікір алмасты.

Ақпарат: Жаңақорған аудпндық сотының баспасөз қызметі
26 қараша 2019 ж. 685 0