Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АСТАНАДА КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АСТАНАДА КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


Казахстанская правда Астанада денсаулық сақтау инфрақұрылымының бірыңғай перспективалық даму жоспары таныстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Науқастар медициналық көмекті бір жерде алуы үшін 2018 жылы Астанада көпбейінді стационарлар құрыла бастайды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тимур Мұратовтың айтуына қарағанда, көпбейінді ауруханалар екі әдіспен құрылмақ. «Бірінші кезекте, мұндай медициналық ұйымдарды жаңадан құратын боламыз. Олар көпбейінділік типі бойынша жобаланып, жоспарланатын болады. Біз қандай көпбейінділік жайлы айтып отырмыз? Мұндай аурухана кешенінде босандыру бөлімшесінен онкологиялық ауруларды емдейтін бөлімдерге дейінгі бөлімдерімен қамтылады», – деді Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары баспасөз мәслихаты барысында. Көпбейінді стационарларды құру әдістерінің енді бірі – бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған медициналық қызметтерді біріктіру арқылы ірілендіру. «Болашақта бөлек онкологиялық, наркологиялық, психиатриялық және инфекциялық қызметтер біртіндеп жойылатын болады. Бұл қызметтердің барлығы бейінді станционарлардың құрамына кіретін болады. Дәлірек айтқанда, 2018 жылдан 2025 жылға дейін қазіргі күні жұмыс істеп тұрған ауруханаларды бір-бірімен біріктіріп, ірілендіру арқылы медициналық көмек көрсететін үлкен ұйымға айналдыруға тырысатын боламыз», – деп нақтылады Тимур Мұратов.
14 наурыз 2018 ж. 1 794 0