№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Балаға шоколад беруге бола ма?

Балаға шоколад беруге бола ма?


Қыс мезгілі жақындағанда мерекелер де көбейе түседі. Оның әрқайсысында үйге сыйлықтар келеді, көпшілігі қорап толы тәттілер, деп жазады
massaget.kz.

Бұл сыйлықтар басқаларына қарағанда балаларға көбірек ұнайды, неше жасқа жетсе де, балалардың барлығы дерлік тәттіге құмар. Алайда кей зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, шоколад балаға зиян. Ересектерге шоколад ми жұмысын жақсартып, қан қысымын көтеріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін пайдалы болғанымен, мұның балаларға еш пайдасы жоқ. Алайда қазір мұны ойлап жатқан ата-ана жоқтың қасы.
Көпшілігі тәттілер балаларға қуаныш сыйлау үшін жасалады деген пікірде. Балаға шоколад беруге болмайды деп үзілді-кесілді айта салу да қиын. Себебі әр бала әртүрлі және әрқайсысының шоколадқа деген өзіндік нормасы бар. Бірақ бұл бала қанша шоколад сұраса, сонша беру керек деген сөз емес.
Әр өнімде міндетті түрде консерванттар, хош иістендіргіш, бояғыш заттар кездеседі. Олар ересектерге аса көп зиянын тигізе алмағанымен, балалар үшін аса қауіпті. Одан шығатын қорытынды: балаға шоколад пайдалы болғанымен, оған қосылатын химиялық қоспалар денсаулыққа аса зиян. Өндіріс орындары шоколадқа күрделі кондитерлік майларды қоспай шығара алмайды. Әрине, бала үшін табиғи май және какао қосылған шоколад түрін іздеуіңізге болады. Алайда ол қымбат тұрады әрі кез келген сауда орнынан табыла бермейді.
Консерванттар мен бояғыштар қосылмаған шоколадты тапқан жағдайда ол көбісіне, әсіресе балаларға ұнай қоюы екіталай. Оның өзіндік ерекше иісі болады, ащырақ келеді. Ондай шоколад тез бұзылып кететіндіктен оны тек балғын күйінде жеген жөн.
Балалар шоколад сатып әпермегені үшін ата-анасына ренжіп, қиғылық шығаруы мүмкін. Мұндайда баланың көңілін орнына түсіру үшін дүкенге жүгірудің қажеті жоқ. Оның орнына баламен сөйлесіп, шоколадтың не себепті зиян екенін түсіндіріп көріңіз, орнына басқа пайдалы тағам ұсыныңыз. Балаңызды шоколадтан шектесеңіз өзіңіз де бас тартуға тура келеді, себебі олар балаға зиян нәрсе үлкендерге аса зиянын тигізбейді дегенді түсінбейді.
Балаға шоколад берсеңіз де мөлшермен беріңіз. Өйткені ол аллергиялық реакция туғызуы мүмкін және баланың тамаққа деген тәбетін төмендетеді. Балалар мұндай жағымсыздық туарын сезбейді де, ал ересектер мұны білуге міндетті. Балаңызды көкөніске жеміс-жидекке, шырынға құмар етіп дағдыландырып, шоколадты тек мереке күндері не ауырған кезде ғана беріп еркелетуге болады.

23 қазан 2019 ж. 519 0