№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Әйелдің мықтылығы еркектің территориясына өтіп кетпеуімен өлшенеді

Әйелдің мықтылығы еркектің территориясына өтіп кетпеуімен өлшенеді

Негізі, әйел деген - мықты халық. Олар құрылысты да істей алады. Ақшаны да күреп табады. Баланы да шұбыртып туады. Бірақ әйелдің шын мықтылығы – еркектің «территориясына» өтіп кетпеуі. Ол қадам отағасына қарамастан, қарапайым ғана үстел көтеруден, шам жарығын ауыстырудан, пышақ қайраудан, консервілерді ашудан басталатын секілді.

Еркексіз шешім қабылдау, алдына түсіп ақыл айту, оған қалай ақша жұмсауды үйрету – тыйым салынған аймаққа өтіп кеткен әйелдің әрекетіне жатады. Осыны меңзеген бабаларымыз «Жақсы әйел өз үйіне әрі ханым, әрі күң» деген ғибратқа толы даналық сөзді қалдырып кетті емес пе? Яғни әйелдің ерін алдына шығарып, оны биіктеткені – жеңілгені емес, жеңгені. Сондықтан кез келген істе өз орныңды біліп, қолыңнан келіп тұрса да, дәрменсіздік танытып, оның көмегіне жүгіне білсең – ұтарың анық. Басқаша айтсақ,
Ақшаны мен де сенен көп табам деп, 
Жақсы әйел күйеуімен жарыспайды. 
Бойындағы иманы берік әйел, 
Әрқашан абыройын пәк ұстайды. 
Себебі, күнәлі іске шатылудан, 
Әйелді ері емес, ары ұстайды!

20 қазан 2019 ж. 1 088 0