
САЙРАМ САПАРЫНЫҢ СЫЙЫ
Ауыл шаруашылық саласында 40 жыл жұмыс істедім. «Қарабұлақ» базарын қанша естісем де барып көрмеппін. Баяғыда анамыз тәтті сұрап қылқылдай берсек, «әкелерің Шәуешектен келді деп пе ең, ненің кәмпиті» деп ұрсатын еді. Сөйтсек анамыз не жоқтың бәрі табылатын Қытайдың ханбазарын айтады екен. Кеше Қарабұлаққа...








