№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жерді аялаған жемісін көреді

Жерді аялаған жемісін көреді

Жақында аймақ басшысының тікелей қолдауымен өңірдегі ауылшаруашылығы ғылымы айналасында жүрген ғалымдар мен кәсіби мамандар оңтүстік Корея елінде болып тәжірибе алмасып қайтты. Солардың қатарында Жаңақорғаннан барған өкіліміз, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиевке арнайы жолығып, кәсіп көкжиегін ілгері дамытуда кәріс халқының іс-тәжірибелерінен көңілге түйіп қайтқандары туралы айтып беруін өтіндік.
– Оңтүстік Кореяға арнайы сапарымызда ауыл шаруашылығын дамытуда «Ақылды техногияны» қолданудың көп көмегі болатынына көзіміз жетті, – дейді ол.
Бұл дегеніңіз ауыл шаруашылығы дақылдарын, ол жылыжай бола ма, егістік алқабы ма, өнімді өндіру технологиясын компьютермен басқару. Яғни, арнайы аппарат арқылы егілген дақылыңызға қажетті су мен тыңайтқыш мөлшері, тіпті күн сәулесі спектрінің көлемкөрсеткішінің қалыпты деңгейі дәлме-дәл көрсетіліп тұрады. Өсіндіні күннің қызуынан қорғау жабындыларын қолдануда да технологиялық нұсқама талабынан тайқып кетуге болмайды. Бізде қалай? Дақылды суарғанда оймен болжап, көз мөлшермен суарамыз. Су егістіктің бір тұсына көп, бір тұсына аз жетуі мүмкін, оны да дәл білу мүмкін емес. Ақылды технология мұның бірін жібермейді. Барлығын нақпа-нақ көрсетіп отырады. Ақылы технология қалай жасалады? Кореяда дақыл өндірілетін, өлшейтін құрал-жабдықтары, оның қосалқы бөлшектері, астық сақтайтын ыдыстары, барлығын өздері істейді, өздері өндіреді. Осыған орай компьютерде арифметикалық есебі нақты өрнектеледі. Содан соң ол жақта ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей мемлекет жауапты. Оған керектінің барлығын мемлекет қамтамасыз етеді. Жылыжай шаруашылығы да мемлекеттің меншігінде. Зерттейтін ғылыми институттарын да мемлекет қолдап отыр. Тек ішінара ауыл шаруашылығына ден қойғысы келетін жастарға және еңбекке мұқтаж адамдардың азғантай бөлігіне ғана жер учаскелері жеке жалдау құқына оншақты жылға арендаға беріледі. Алғашқы бірер жылда, яғни аяққа тұрып алғанша мемлекет кәсіп иесіне жер учаскесін, техникасын тегін беріп, өтеуін талап етпейді. Осындай қолдау-көмек арқылы шаруаның кәсіпке дендей түсуіне жағдай жасайды екен. Себебі онда ауыл шаруашылығына қызығушылар аз. 100 адамның бір пайызы ғана айналысады деуге болады. Осылай кете берсе егін шаруашылығы күйреп, қолданыстан шығып қалуы мүмкін. Ол кезде азық-түлік тауарына сыртқа тәуелділік артады. Соның алдын алуда шаруаларды субсидиялауға, тегін оқытуға, технологияны меңгертуге басым көңіл бөлінеді. – Біздің шаруаларымыз ақылы технологияға мұқтаждықты қалай шеше алады?
– Жеке шаруақожалықтарымызға ақылы технологияға қол жеткізу үшін мемлекеттік қолдау керек. Бүтіндей болмаса да оның бағасының жартысын субсидиялау керк. Жеке адамдар жасанды интеллектке қол жеткізуі бір басқа, шаруаларымыз оны қолдануды оқып, технологиясын меңгеруі керек. Арнайы аппаратты алып келген соң республикалық каталогқа ендіріп, кодты сәйкестендіру арқылы игілігімізге икемдейміз. Ол кезде ауа райын да алдын ала біліп шамалап отырғандықтан ысырапқа жол берілмейді.
– Кореяны күріштің отаны дейміз ғой. Қанша сорты бар екен?
– 360-400-дей сорты бар. Бидай екпейді. Сырттан да сатып алмайды. Күрішті нан ретінде пайдаланады. Күрішті егудің түрліше тәсілін меңгерген. Мәселен, олардағы күрішті көшеттеп егу тәжірибесі менің көңіліме қонды.
– Енді осы әдісті ауданға ендіргіңіз келе ме?
– Көшеттеп егу тәсілінің тиімділігі жоғары. Осы әдісті өзімізде тәжірибе алаңында көру үшін алдағы көктем Түгіскен ауылындағы «Диас ЕБ» шаруақожалығымен келісімге отырып, 2,5-3 гектар жерге егіп көреміз деп отырмыз. Кореяда тағы бір түйгенім, олар егінге биологиялық тыңайтқыш береді екен. Мына бір литрлік ыдыстағы MoDooSsak Premium деп аталатын биологиялық тыңайтқыштың сұйық түрі, дақылдың жапырағына шашыратып қоланады. Осыны картоп дақылына қолданамын деп отырмын. – Кореяда азық-түлік қауіпсіздігі жайы қалай екен?
– Азық-түлік қауіпсіз мәселесі жоқ деуге болады. Мәселен, базар мен аэропорттағы баға бірдей. Өйткені оларда өздерінің өндірген өнімін ғана пайдалады. Мәселен, өздерінде өндірілетін соя өнімін өздері пайдаланады. Сәл иісі бар, сонда да орнын алмастырмайды. Бізде ондай психология жоқ. Мәселен, өзімізде бар мақсары майын пайдаланбай, зиянына жүгіріп химиямен өңделген шемішке майын пайдаланамыз. Таза табиғи, денсаулыққа пайдалы мақсары майын неге тұтынбаймыз? Кореядағы сынды өз өнімімізді өзіміз тұтынуға мүдделі болсақ сөрелерімізде мақсары майы толып тұрған болар еді. Ешкім қажет етпеген соң мақсарыны егіп, мал азығындық мақсатта ғана пайдаланып отырмыз. Мен өзім ауданда келешекте осы дақылға басым бағыт беруді жоспарлап отырмын. Мақсары суды екі ақ рет ішеді, көлемін көптеп егу, содан кейінгі басты мәселе – оны өндіретін зауыт салыну керек. Кореяда көрген тағы бір жақсы тәжірибе, өнімді алдынала өңдеуге аса көңіл бөледі екен. Күріште дәндеу, сүттену деген кезеңі болады. Осы дәндеу және сүттену кезеңінде екі рет өнім өңделу керек. Тыңайтқыштың екі түрі бар: бірі ұнтақ, бірі сұйық. Біріншіден тамырға әсер етеді, екіншісі жапыраққа нәр береді. Мен мына әкелген тыңайтқышты картопқа бермекпін. Бұл үшін екі гектар жерге тәжірибе алаңына картоп егуге шаруа қожалығымен келісемін. Біздің топырақ бос, құрамындағы құнары аз. Сондықтан тыңайтқыш берудің мәні зор. – Кореяда егіндікке жер мәселесі қандай?
– Жер өте тапшы. Сондықтан алақандай аумақты баладай мәпелеуге бейім. Кәрістер жерді қолмен істеп әлектенеді. Теңіздің қабатына дәу-дәу тастарды қойып, үстіне құм төсеп, қолдан жер жасайды. Ол әбден өнім беретін жағдайға жету үшін отыз жыл керек екен. Оны өздері болмаса да ұрпағына дайындайды. Міне, жоқтан бар жасап, жерді мәпелеудің нағыз үлгісі. Ал жерді аялаған жемісін көреді.

Сұхбаттасқан Баян ҮСЕЙІНОВА
15 желтоқсан 2024 ж. 89 0