№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазатомөнеркәсіп өз жетістіктерін KazAtomExpo халықаралық көрмесінде ұсынды

Қазатомөнеркәсіп өз жетістіктерін KazAtomExpo халықаралық көрмесінде ұсынды

Астанада әлемдік және қазақстандық жетекші сарапшыларды, атом саласының, мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастық пен бизнес өкілдерін біріктірген Kazatomexpo Халықаралық ядролық технологиялар көрмесі өз жұмысын аяқтап келеді. Қатысушылар атом саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, осы саладағы соңғы жетістіктерін көрсетті.
Көрмеге «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ, «Ядролық физика институты» РМК, «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ сияқты басқа да отандық атом индустриясының негізгі компаниялары өз экспозицияларымен қатысты.
Қазатомөнеркәсіптің стендінде табиғи уран өндіру мен қайта өңдеуді, жылу бөлетін құрамалар өндіруді, сондай-ақ ғылыми, ядролық-отын циклі мен сирек және сирек жер металдар бағыттарды дамытуды қамтыған компанияның қызметі туралы толық ақпарат ұсынылды.
Көрме аясында әлемдік және қазақстандық жетекші сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен пленарлық сессиялар өтті. Пікірталас барысында Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары, атом саласының қауіпсіздігі мен сенімділігі мәселелері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары сөз болды.
«Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі ресурстық базалардың біріне қол жеткізуде басымдыққа ие ірі табиғи уран ірі өндіруші. 301 мың тонна уранға бағаланатын компанияның қорлары 14 тау-кен өндіру кәсіпорнына бөлінген, оның 12-сі уран саласының әлемдегі ең ірі қатысушыларымен бірлескен кәсіпорындар. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бізге компанияның жаһандық қатысуын кеңейтуге және клиенттік базасын әртараптандыруға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік уран нарығындағы стратегиялық ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Стратегия және халықаралық даму жөніндегі бас директоры Дастан Көшербаев.
2021 жылы Қазатомөнеркәсіп және қытайлық ChinaGeneralNuclearPowerCorporation (CGNPC) компаниясы француздыңFramatome компаниясының технологиясы бойынша жылу бөлетін құрамаларды (ЖБҚ)фабрикациялау жобасын іске асырды. ЖБҚ өндірісімен Қазатомөнеркәсіптің 100% еншілес ұйымы –«Үлбі металлургия зауыты» АҚ аумағында орналасқан «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС айналысады. Осылайша, Қазақстанда АЭС үшін дайын отынның отандық жоғары технологиялық өндірісі жұмыс істеп тұр.
Қазақстанда ядролық технологиялар мен атом саласына арналған Kazatomexpo көрмесін өткізу еліміздің бұл саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретіндегі мәртебесін тағы да көрсетті.

04 қыркүйек 2024 ж. 1 597 0