Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұнай саласын цифрландырудың қандай пайдасы бар

Мұнай саласын цифрландырудың қандай пайдасы бар

Global Challenges Summit 2018 форумының екінші күні аясындағы сессиялардың бірінде ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов еліміздің мұнай саласын цифрландыру жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлыбританияның сауда және инвестиция экс-министрі Қазақстанның салық қызметі блокчейн қолданбақ «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында «Мұнайды есепке алу бағдарламасы» деп аталатын жоба бар. Бұл жобаның түпкі мәні мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес саналады. Бұл жүйе өндіруден бастап жанармай құю стансасының пистолетіне дейінгі барлық циклді бақылау аспаптарын орнатуды қарастырады. Сәйкесінше, норма қазірдің өзінде заңда бар. Ендігі уақытта кен орындарында мұндай бақылау және есепке алу аспаптарын орнату мәселесі көтеріліп отыр. Егер кен орны интеллектуалды болса, онда бұл мәселе оңай шешіледі. Яғни, оларды бірыңғай жүйеге интеграциялау ғана қажет», - деді вице-министр.
Оның атап өтуінше, мұнайдың жасырын және заңсыз айналымы - бюджет үшін үлкен шығын, бұл қылмыс және ол әсіресе энергетика сынды сезімтал салада болмауы тиіс. Сондықтан бүкіл мұнай-газ саласының ашықтығын қамтамасыз ету үшін аталған бағдарламаға баса мән беріліп отыр. Бұған қоса, бұл жүйеге барлық жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекет мәліметтерінің бірыңғай жүйесі қосылады. «Бұл бизнеске не береді? Біріншіден, шығыстардың қысқаруынан, қандайда бір жөндеу жұмыстары кезеңінде шығыстардың оңтайландырылуынан бөлек жоспардан тыс тексеру деп аталатын түсінік жойылады. Өйткені, Мемлекеттік кірістер комитеті де аталған мәліметтер базасында болады. Және де барлығы бір мәліметке сүйенеді. Сала жан-жақты цифрландыруды қажетсінеді. Әңгіме тек оның қашан жүзеге асырылатындығында болып тұр. Өкінішке орай, Қазақстанда, Ресейде және Әзербайжанда да шартты түрде 2-3 жылдық қана өмірі бар кен орнындары көп. Сондықтан да қомақты қаражатты қажет ететін мұндай шешімдерді оларға қолданудың қажет жоқ», - деді Болат Ақшолақов.
18 мамыр 2018 ж. 1 012 0