№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жамбыл Бақытәліұлы халықаралық жас ақындар айтысынан жүлделі оралды

Жамбыл Бақытәліұлы халықаралық жас ақындар айтысынан жүлделі оралды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Жамбыл Бақытәліұлы «Менің пірім – Сүйінбай» атты халықаралық жас ақындар айтысында ІІІ орын иеленді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен жыр додасына республиканың түкпір-түкпірінен,  Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Моңғолиядан қырыққа жуық ақын қатысты.
Жастар білім мен ғылым жетістіктері, отансүйгіштік, ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы өскелең ұрпақтың үлесі туралы жырлады.
Жыр аламанына ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, ақын Ринат Заитов, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Серік Қалиев, қазақ өнерінің майталмандары қазылық жасады.
«Бұл айтыстың орны мен үшін бөлек болды. Себебі, халықаралық деңгейдегі байқауға алғаш рет қатыстым. Жыр бәйгесіне қатысушылардың осалы болмады. Солардың ішінен дара шығу оңай емес. Айтыс екі кезеңнен тұрды. Ақтық кезеңге 18 айтыскер жолдама алдық. Байқау жоғары деңгейде өтті. Осы ретте сенім білдіріп, қолдау көрсеткен университет ұжымына алғыс білдіремін», – деді Жамбыл Бақытәліұлы. 
Жас ақын Қытай елінің Іле өңірінде дүниеге келген. 2019 жылы елге оралып, бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Журналистика» мамандығының 3-курсында білім алуда.


                                                                          Қорқыт ата атындағы Қызылорда
       университетінің медиа орталығы                             
13 сәуір 2023 ж. 760 0