Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Президенттің тапсырмасы: Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 70 мектеп салынады

Президенттің тапсырмасы: Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 70 мектеп салынады

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 70 мектеп салынады. Үкімет бұл қаржыны білім ошағын салуға жұмсамақ. Негізі жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы олар сотталған соң, мемлекетке қайтарылып, мектеп құрылысына жұмсалуы тиіс деген Президенттің тапсырмасынан кейін қолға алынды. Бұл туралы Aikyn.kz “КТК“ арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Жемқорлардан тәркіленген 120 миллиардтың білім беруді қолдау қорына түскенін бұған дейін Қаржы министрі де айтты.
Жаңа мектептер әр өңірде салынады. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, мектеп тапшылығын жоюға септігі тиеді.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев: «Биыл жемқорлардан алынған ақшаға 70-тен аса мектеп тұрғызылады. Құрылысқа қажет құжаттар дайын, тізім бізде бар. Сол себепті жақын арада осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады», – деді.Бұған дейін тілшіміз Назгүл Назарбек Түркістан облысы Төлеби ауданында жаңадан салынған мектептің құлайын деп тұрғаны жайында "Қостөбеде әлі қоңырау соғылған жоқ" деп ауылдағы ахуал туралы жазған болатын. 
09 наурыз 2023 ж. 1 242 0