Халің қалай, кәсіпкер?
Төтенше жағдай басталғалы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған кәсіпкерлердің басым бөлігі әлі күнге дейін жұмыссыз жүр. Карантин жеңілдетілгеннен кейін жұмысын жалғастырғандардың да жағдайы оңып тұрғаны шамалы. Өйткені басым бөлігі індеттің қайта өршуіне байланысты жұмысын тоқтатты. Сондықтан мемлекет шағын және орта бизнес субъектілеріне жаңа көмек түрін көрсетуге кірісті. Шынымен солай ма, әлде мұның да сұрауы бар ма? Оны алып жатқандар бар ма? Осы сауалдарға жауап іздеп көрген болатынбыз.
Үкімет: «шағын және орта бизнеске (ШОБ) көмек беріп жатырмыз», – десе, кәсіпкерлер: «Несиеміз бен салықты кейінге шегергеннен өзге көмек алмадық, шегерілген несие мен салықты, сәті келгенде қалай төлейтініміз белгісіз», – деп әбігерге түсуде. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова да төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметін қайта құру бірқалыпты болмай жатқанын айтты. Себебі тауар мен қызмет түрлеріне сұраныс қысқарып, айналым мен түсім азайған. Соның салдарынан бизнес субъектілері алған несиесін төлей алмауда.
Сол себепті агенттік екінші деңгейлі банктер және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен бірлесіп, қолдау көрсетудің қосымша шараларын іске асыруды бастады. Мәселен, 2020 жылдың 15 маусымында ШОБ субъектілеріне қосымша қолдау шараларын көрсету тәртібі бекітілді. Аталған тәртіпке сәйкес, кәсіпкер 2020 жылдың 16 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында қосымша қолдау алу туралы банкке немесе микроқаржы ұйымдарына өтініш жасайды. Несие ұйымы әрбір кәсіпкер бойынша оның қаржылық жағдайын, төтенше жағдай мен карантиннің қаржысына әсерін және қаржылық жағдайын қайта құрудың перспективасын бағалайды.
Карантин кезінде қиындыққа тап келген кәсіпкерлер төмен пайызды несие берсе деген өтініш айтып еді. Енді жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің айналымдағы қаржысын толықтыру үшін жеңілдетілген несие ұсынылды. Яғни, 8 процентпен кез келген кәсіпкер бір жылға дейін несие ала алады. Бағдарламаның жалпы көлемі – 600 млрд теңге екен, – Гүлшара Әбілқасымова осылай деді. Бірақ біздің білетініміз, әзірге ауданда 6 процентпен жеңілдетілген несие берілуде. Одан бөлек 550 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып жатқандар да бар.
– Шыны керек, бізде кәсібін дөңгелетуге ниетті тұрғындарға берілетін қайтарымсыз қаржы мен 6 процентпен несие алушылардың саны артпаса, кеміген емес. Биылғы жылдың жоспарында 4 лек бойынша грант оқу жалғасады. Соңғы айда коронавирус күшіне мінді. Бұл сәйкесінше бизнеске тағы да үлкен соққы болды. Себебі кәсіпкерлер жұмысын уақытша тоқтатқанда жаз маусымына дейін жан бақсақ, ары қарай жұмысты жалғастырамыз деп ойлаған. Алайда маусым айы да жайлы болмай тұр. Өңірлерде карантин күшейтілді. Қазір талаптарды барынша сақтап, жұмыс істеп жатқан сауда орындары және басқа да шағын орталықтар бар. Оларға үнемі қадағалау жұмысын жалғастырып, тұрғындарға түсіндірме жүргізудеміз, – деді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев.
Несие мен салықтан бөлек тағы қандай жеңілдіктер бар?
Дерек көздеріне қарағанда, аймақ бойынша 8,5 мыңға жуық ШОБ субъектілерінің қызметкерлері 1 қазанға дейін медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарынан босатылғаны мәлім болды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.
Қор филиалының басшысы түсіндіріп өткендей, жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің тізімін ай сайын 25 күннен кешіктірмей электронды форматта ұсынуы тиіс. Бұл үшін олар Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында msb.fms.kz/login сілтеме бойынша өтуі тиіс және тізімдегі БСН бойынша өз ұйымын табу (осы тізімде БСН болмаған жағдайда ұйымды тіркеу мүмкін емес). Ары қарай төл басылымның келесі нөмірін парақтасаңыз түсінесіз.
Егер ШОБ кәсіпорындарының бірінің қызметкері емханаға келіп, қандай да бір себеппен сақтандыру бойынша медициналық көмекке үміткер бола алмайтынын байқаса, онда ол деректерді Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы өз бетінше жібере алады. ШОБ үшін жеңілдікті кезеңді ұзарту – бұл шағын және орта кәсіпорындарды қолдау шарасы болып табылады. Яғни, бұл кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысынан салық пен аударымдарды ұстамайды, бұл ретте олар медициналық сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады. Бұдан басқа, МӘМС үшін жарналар осы жылдың наурыз айында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақылармен ұсталынбайды. Мұны бір деңіз.
Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. (Айта кетейін, АСП алу үшін, көп балалы болу міндетті емес.) АСП-ге онлайн өтінім беруге болады. Бұрыннан АСП алып жүргендерге автоматты түрде төленіп жатыр. АСП-ні алғаш алам дегендер болса, eGov.kz порталы арқылы онлайн өтініш беруі керек.
Өтініш беру үшін eGov.kz порталда авторизацияланған болуыңыз керек сосын электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы тиіс. Порталға кіргеннен кейін, оң жақ жоғарыда ашылмалы тізім бар. Соны басып, «Электрондық өтініштер» және «Онлайн тапсырыс беру» таңдайсыз. Ары қарай қиындық туғызбайды. Әзірге жеңілдіктер осы.
КӘСІПКЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ?
Бірден айтайық, қазір ауданда шағын кәсіптің көбі бизнесін уақытша тоқтатты. Сондықтан сұхбат беруге де келісе қойған жоқ. Бірақ біздегі кәсіптің көбі сауда-саттық, тағам, автобөлшек және ауылшаруашылығы болғаннан соң бұл кәсіп түрлері уақытын шектеуімен жұмыс жасауда. Былайша айтқанда, шағын кәсіп иелері, әсіресе сауда орындарындағы киім-кешек және басқа да бизнесі бар тұрғындар елдегі жағдайға түсіністікпен қарайтынын жеткізді. Дегенмен олардың да бала-шағасы бар деген түсінікті ұмытпаған жөн.
«Несие алу кәсіпорындарға, шаруашылықтарға тиімді шығар. Біздерге маңыздысы сырттан келетін азық-түліктің қымбаттамауы. Егер соларға бақылау болмаса, онда бізге де бағаны тұрақты ұстау қиынға соғады. Жалпы азық-түлік қоры жеткілікті. Ең бастысы карантинге байланысты санитарлық шараларды қатаң сақтауға тырысудамыз» – деген сауда орындарының басшыларынан жауап ала алдық. Ал киім-кешек, балаларға оқу курсын үйрететін орталықтар мен лагерьлер жұмысының тоқтауына байланысты пікір алу қиындау болды.
Не десек те, бәрінің тілегі бір, ол – мына індетті ертерек жеңіп, ойлаған жоспар мен шағын кәсіпті дөңгелету. Біз орта және шағын кәстіпті қайта-қайта қозғаған себебіміз, көптеген дамыған елдердің экономикасының негізін осы топтағы кәсіпкерлердің үлесі құрайды. Сондықтан, Президент те оларға жеңілдік жасау мақсатында жақында Заңға қол қойды.
Ал, қайтарымсыз қаржы алғандардың жағдайы не болмақ? Әрине олар грант жеңіп алды, бірақ кәсібін бастауға рұқсат жоқ. Бір байқағанымыз, сол грант иелерінің көбі мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Барлығы уақыт еншісінде, әзірге біздің білетініміз осы. Мемлекет тарапынан жеңілдікті шаруасы тұрақтаған тұрғындар ертерек көрсе игі...
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ