№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өндірілген өнім көлемі артты

Өндірілген өнім көлемі артты

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов халыққа есеп беру жиынында 2019 жылдың қорытындысы бойынша аймақтың дамуына қатысты бірқатар салаларда өсім барын көрсетті. Оның ішінде, өңір бойынша өнім өндіру көлемі 1,3 процентке артқан, деп жазады kyzylorda-news.kz.
Нақтырақ айтсақ...Ауыл шаруашылығында – 4,3 процентк, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9,3 процентке өскен. – Бағаның біршама өсуіне қарамастан, бөлшек тауар айналымы оң динамиканы көрсетті (101,5%). Бұл халықтың сатып алу қабілетінің артқанын білдіреді. Жалақымен (108,4%, 147496 теңге), халықтың нақты ақшалай кірісі индексінің де (105,9%, 77878 теңге) өскені байқалады, – деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, былтыр атқарылған жұмыстар оң нәтиже беріп коммуналдық тарифтердің құны төмендегені байқалады.
«Былтыр электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді (0,3 пайызға, 15,49 теңгеден 15,44 теңгеге дейін) төмендетуге қол жеткіздік. Жылумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер 1,2 пайызға (35,16 теңгеге, 2834,82 теңгеден 2799,66 теңгеге дейін), сумен жабдықтау тарифтері 12 пайыздан астам (5,85 теңгеге, 47,31 теңгеден 41,46 теңгеге дейін) және су тарту қызметтеріне тарифтер 13,5 пайызға (5,85 теңгеге, 47,31 теңгеден 41,46 теңгеге дейін) төмендеді», – деді аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлы.
19 ақпан 2020 ж. 647 0