№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Маңдайалды 10 мектеп

Маңдайалды 10 мектеп

Әлемдегі үздік әрі ерекше мектептер қандай? Олар несімен айрықшылынады?
Бұл сұраққа massaget.kz жауап іздепті. Сонымен...

Табиғатты зерттеушілер мектебі (АҚШ)
Watershed мектебінде білім алу арқылы таңғажайып оқиғалардың куәсі болу мүмкіндігіне ие боласыз. Ағылшын, математика сынды пәндерден өзге ұстаздар оқушыларды табиғат аясына шығарып, түрлі зерттеулер жүргізеді. Сабақтар әдетте тар сыныпта емес, табиғат аясында өтеді. Биология және география пәндерінде өзен бойымен қайықпен жүзеді. Watershed мектебінің ұстаздары оқушылардан құралған рок группаларды дайындап, видео ойындар құрастыруға көмектеседі. Фрисби, йога сынды спорт түрлерімен қосымша айналысады.

Студия мектебі (Англия)
Аталған мектеп оқу материалдарының тек практика жүзінде меңгерілетіндігімен ерекшеленеді. Әр оқушы болашақта жұмыс істегісі келетін компаниямен мектеп қабырғасында жүріп келісім-шартқа отыра алады. 

Дальтон мектебі (АҚШ)
Бұл мектепте әр оқушыға ерекше мән беріледі. Мұнда оқушыларға арналған ортақ бағдарлама жоқ. Оқушының қандай баға алу керектігі, үй тапсырмасы қандай мөлшерде берілуі керек сынды мәселелер оқуға түсер кезде анықталып алынады. Алғашында бағдарлама оғаш көрінгенімен, мықты мамандарды дайындайды.

Ойындар мектебі (АҚШ)
Бұл мектепті құру барысында оқушылардың екілік баға алып, кітап оқуды ұнатпайтындығы ескерілген. Сол себепті, мұның барлығы бағдарламадан алынып тасталған. Әрі ойындармен алмастырылған. Балалар сабақ барысында үнемі ойды дамытатын ойындар ойнайды. Жеңген оқушыға балл беріліп отырады. Пәндерге қатысты фактілерді осылайша жаттайды.

Ашық кеңістік мектебі (Дания)
Ең алдымен, ғимарат құрылысының ерекше екенін айтып өтуіміз керек. Ішінде бөлек-бөлек орналасқан кабинеттер жоқ. Барлық мектеп оқушысы бір үлкен залда отырып сабақ оқиды. Еденге жарқын түсті жастықшалар қойылған. Мұнымен қатар, толықтай интернетпен қамтылған. Ғимараттың дизайніне таңырқамасқа амалыңыз қалмайды. Ортада тұрған баспалдаққа шығып, ғимарат ішінде өтіп жатқан сабақтарды бақылауға болады.

Музыка мектебі (АҚШ)
Бұл мектепте де сабақ негізгі бағдарлама бойынша жүреді. Алайда оқушылар бар уақытын тек сабақ оқуға ғана жұмсамайды. Әрбір оқушы бойында бұғып жатқан талантын сыртқа шығарып, би билеп, ән айтып үйренеді. Міндетті түрде бір музыкалық аспапты меңгереді. Осылайша оқушылар мәдени өмірдің атмосферасына енеді.

Әлеммен қарым-қатынасқа түсу мектебі (АҚШ)
Кез келген оқушы бұл мектепте оқи алмайды. Және бұған білім мен икемділіктің еш қатысы жоқ. Барлығын лоторея билеті шешеді. Ал лотореяға қатысу үшін мектептің ресми сайтына кіріп, анкета толтыру керек. Лоторея бітісімен, бақытты жандардың есімі жарияланады. Бұл мектептегі білімді негізгі деп айтуға келмейді. Оқушылар әр сабақта ерекше көңіл күйге бөленіп, өзін дамыту мүмкіндігіне ие болады. Білім бағдарламасын арнайы психолог және невролог мамандар құрастырған. Олардың ойынша, бала позитивті көңіл күйде болған кезде ғана материалды жақсы қабылдайды.

Террасетжерастымектебі (Terraset Elementary School PTA (АҚШ)
РестонқаласындағыТеррасетмектебішынмәніндежердіңастындаорналасқан. Аталғанмектеп 70 жылдардыңортасындасалынған. СолуақыттаАмерикадаэнергияжетіспеушілігіболып, өзін-өзіжылытатынмектепсалуғамәжбүрболған. Алоқушыларды «жерастыбалалары» депатауғаболады. Алоқубағдарламасыөзгемектептерменбірдей.

Камбоджадағыжүзетінмектеп
Аталғаноқуорнысудаорналасқан. КампонгЛуонгауылыныңбарлықүйісуүстіндеорналасқандықтан, бұлкөрініскеешкімтаңқалмайды. Мектептеата-анасыбалықаулаукезіндеқайтысболған 60-қажуықоқушыоқиды. Ғимаратішіндебірғанасыныпбар. Оқушыларолжердебосуақыттарынөткізеді. Ал мектепке арнайы легендермен жүзіп келеді.

Қытайдағы үңгір мектеп
1984 жылы Гуйчжоу провинциясында салынған. Оны салу үшін мемлекет тарапынан айтарлықтай қаржы бөлінбегендіктен, үңгірден жасауға мәжбүр болған. Бұл жерде спорт алаңы, демалыс орны, сыныптар бар.
11 мамыр 2019 ж. 1 114 0