№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тер исін дезодорантсыз жою тәсілі ойлап табылды

Тер исін дезодорантсыз жою тәсілі ойлап табылды



Тершеңдіктен, әсіресе, жаздың күндері көпшілік жерлерде қиыншылық көріп жүргендерге жағымды жаңалық. «РИА Новости» ақпарат агенттігінің жазуына қарағанда, бұл сынақ нәтижесін ғалымдар Нидерландыда өткен ECCMID 2019 конференциясында мәлімдеген.

Мырыш тотығына аздап қосылған ерітінді сумен қолтықты шайып жіберсеңіз болғаны. Данияның Копенгаген қаласындағы Биспеберг госпиталінде Магнус Агрен есімді дәрігер еріктілерді жинап, мырыш тотығымен (ZnO) сынақ өткізген. Бұған дейін ғалымдар бұл қоспаны стоматологияда бактерия жоюға, тіс пастасын және медициналық құралдарды өңдеуге пайдаланған. Соңғы жылдары оташылар ашық жаралар мен хирургиялық тілінген жерге дезифекциялық тазалауды да осы ерітіндімен жасап келді. Еріктілерге сынақ өткізу кезінде Агрен ZnO эмульциялық ерітіндісінің жара төңірегіндегі ісікті басып қана қоймай Corynebacterium және Staphylococcus тегіне жататын бактериялардың бәрін жойғандығына таң қалады. Биолог бұл микробтар терден шығатын қолаңсы иісті майлы кислота шығаратындығын білген. Бұдан кейін Агрен еріктілердің отызға жуығын жиып алып, дезодорант орнына осы ерітіндіні сынап көрді. Нәтижесінде бір аптадан соң қолтығынан қолаңсы иіс шығаратындардың барлығында Corynebacterium және Staphylococcusбактериялары жойылып кеткен.
Биологтың бұл жаңалығын естіген әлемнің алпауыт гигиеналық өнімдер шығаратын компаниялары елең етісті. Даниялық ғалымдар енді мамандарды тарта отырып ауқымды сынақ жүргізуді жоспарлап отыр.
15 сәуір 2019 ж. 1 018 0