PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (8371) 8

08 шілде 2020 ж.

№50 (8370) 4

04 шілде 2020 ж.

№49 (8369) 30

30 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жарты миллион доллар тапқан азамат ақшаны қайтарып, марапаттан бас тартты

Жарты миллион доллар тапқан азамат ақшаны қайтарып, марапаттан бас тартты

Ақшасын алуға келген кәсіпкер ер адамға алғыс ретінде 25 мың доллар немесе пәтер ұсынған.
Аргентинаның Ногойя қаласының Хоче Санчес ісімді тұрғын көшеден жарты миллион доллар бар сөмке тауып, оны иесіне қайтарған. Ең таңғаларлығы, ер адам марапаттан бас тартқан деп жазады "Жаңақорған тынысы" газеті NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жолда келе жатқан Хосе Санчес ер адамның телефонмен сөйлесіп келе жатып, көлігіне отырғанын көреді. Бірақ ер адам сөмкесін көшеде қалдырып кеткен. Санчес оны қуып жетпек болған, бірақ тоқтата алмаған. Сөмкенің ішінен ол жарты миллион доллар тапқан. Ер адамның сөзінше, ол өмірінде мұнша көп ақша ұстап көрмеген.
Өзі отбасымен пәтер жалдап тұрады екен. Сондай-ақ тұрақты жұмысы жоқ. Алайда Санчес ол ақшаны өзіне қалдырмай, жергілікті радиоға хабарлаған. Ақшасын алуға келген кәсіпкер ер адамға алғыс ретінде 25 мың доллар немесе пәтер ұсынған, алайда жігіт мұндай сыйдан бас тартқан.
Кәсіпкер оған жоғалған ақшаға ашылатын туристік мекемеде жұмыс ұсынған.
Бұл әрекетінен кейін Санческе көптеген ұсыныстар түскен. Ер адам жұмыс істеуден қорықпайтынын хабарлаған.
"Ертең бояумен айналыссам, күндіз наубайшы болып істеймін", - дейді Хосе Санчес.

26 наурыз 2019 ж. 455 0