№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МҰНЫ ДА ЗЕРТТЕДІК: ӘЙЕЛГЕ ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚ ҰНАМАЙДЫ?

МҰНЫ ДА ЗЕРТТЕДІК: ӘЙЕЛГЕ ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚ ҰНАМАЙДЫ?

Сыйлық алмас бұрын қандай сыйлық түрі жақсы соны ойланамыз. Алдымен, әйел затына не ұнамайды соны біліп алған жөн. Қыз-келіншектерге сыйланатын ең сәтсіз сыйлық – үй жануарлары. Әйел адамдардың жартысына жуығы бұл сыйлық түрін құптамайтын болып шыққан. Мұндай сыйлықты алдын-ала ескертусіз сыйламаған жөн. Ол адамның үй жануарларына аллергиясы бар шығар, мүмкін мүлде ұнамайтын шығар. Әрі беріден соң үй жануарларының жауапкершілігін мойнына алуаға дайын емес те болар. Ең сәтсіз сыйлықтың 2-орнында спорттық құралдар тұр. Сыйлық алатын адам спортпен шұғылданатын болса жөн, егер ол толықтау келген немесе спортқа аса көңіл бөлмейтін жан болса, бұл ойыңызды қате түсініп қалуы әбден мүмкін. 3-орын жұмсақ ойыншықтарда. Жүрек құшақтаған қонжықты көрген әйел адам өзін кішкене мектеп оқушысы деп ойлаған ба деген шешімге келуі мүмкін. Ал, жас қыздарға таптырмайтын сыйлық. Ас үй құралдары әйел адамның орны ас үй екен деп түсіндіріп тұр деген ойға әкелуі мүмкін. Сондықтан да, бұл сыйлық түрі 4-орында. Егер сыйлық алушы өзі айтып, аламын деп жүрген затын ғана алмаса, бұл сыйлық түрі әйел адамға ұнамай қалуы әбден мүмкін. Ақша мен түнгі киімдер 5-орынды алып тұр. Конвертке салынып берілген ақша өзі үшін уақыт бөлмей, жауапкершіліктен қашқан екен деп ойлантып, көңіл-күйді түсіреді. Ал, түнгі киімге келер болсақ, сыйлық сыйлайтын жанның нендей түс пен қандай түрді ұнататынан қателесуіңіз мүмкін. Қазақтың ұяң қыз-келіншектері мұндай сыйлыққа өзгеше көзқараста болары анық. Әр халықтың өзінің ырым-тыйымдары бар. Сол секілді сыйлыққа қатысты да әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Мысалы: Сағат. Сағат сыйлау уақытша кездесудің, айырылысудың белгісі деп қабылданады. Бет орамал. Ауырғанда немесе көз жасын сүртуге арналған кезде ғана бет орамал пайдаланады деген түсініктегі жанға бет орамал сыйламағаныңыз абзал. Ұшты заттар. Жауласудың, араздасудың белгісі ретінде қабылданады.

02 қазан 2018 ж. 959 0