» » АСТРАНОМ РОБОТ ЖАРАДЫ. ОЛ АСТЕРОИДТ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТТЕР БЕРДІ

АСТРАНОМ РОБОТ ЖАРАДЫ. ОЛ АСТЕРОИДТ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТТЕР БЕРДІ



Жапонияның «Хаябуса-2» екі мини-робот Рюгу астероидына сәтті қонып, астероидты суретке түсіріп, ол жайлы мәліметтер жіберген. Бұл туралы Жапония аэроғарыш зерттеу агенттігінің ресми сайты мәлімдеді, – деп жазды www.kp.ru сайты.
2018 жылдың 21-қыркүйегінде MINERVA-II1 роботтары бекеттен шыққан. Бастапқыда олар Рюгуға 55 метр жақындықтап суретке түсірген, қазір астероидтан 20 шақырым қашықтықта орналасып, оның сыртқы қабатын зерттеп жатыр. 
«Хаябуса-2» 2014 жылдың 3 желтоқсанында Жапонияның Оңтүстігіндегі Танэгасима ғарыш айлағынан Н-2А зымыраны көмегімен кеңістікке шығарылған. Ол астероидтың айнала 1,5 жыл ұшып жүреді деп жоспарланған. Енді роботтар жарылғыштың көмегімен Рюгуден топырақ үлгісін алып, Жерге жеткізуді жүзеге асырмақ.   Ғаламшарымыздан 300 миллион шақырым қашықтықта орналасқан 1999 JU3 немесе Рюгу астероиды Жерге жақын ғарыштық денелер тобына кіреді. Ол күнді 474 күнде айналып шығады.
Астрономия саласының маманы өзге ғаламшарлықтармен болатын алғашқы байланысқа адамдар емес, роботтар жететінін болжайды. Оның ойынша, 2100 жылы адам баласы өзге ғаламшарға қоныс аударады.
27 қыркүйек 2018 ж. 1 442 0