» » YouTube ақпараттық қауіпсіздік саласын күшейтпек

YouTube ақпараттық қауіпсіздік саласын күшейтпек


YouTube өз платформасында жалған видеороликтер мен өтірік мәліметтердің таралуына жол бермес үшін жаңа шаралар қолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ведомости басылымына сілтеме жасап.

Видеохостинг жаңалықтары контентінің сапасын жақсарту мақсатында жаңа жұмыс тобын құрып, медиа сарапшыларды тарту үшін 25 млн доллар бөлінбек. Қаражаттың бір бөлігі медиакомпанияларға грант ретінде бөлінген, тағы бір бөлігі басылымдармен жұмыс істейтін видеохостинг мамандары командасын кеңейтуге бағытталған. Қатысушылардың қатарына америкалық Vox Media медиа тобы, Jovem Pan бразилиялық радиостанция және India Today журналы кірген.
Жаңалық роликтері дереккөздің іріктелуімен сүйемелденеді, ал видеоның мазмұнына келсек ондағы деректің нақтылығы тексерілмек.
Наурыз айында YouTube-тің бас директоры Сьюзан Войчицки YouTube-ті сенімді ақпарат көзіне айналдыру жөнінде сөз берген.
«Биыл фейк жаңалықтар мен жалған ақпараттарға толы жыл болды, біз қолданушыларымызға нақты ақпарат беру қажеттілігі туындағанын көрдік», - деген ол.
12 шілде 2018 ж. 901 0