№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ғылыми зерттеу: Төрт қабырғаға қамалғандар

Ғылыми зерттеу: Төрт қабырғаға қамалғандар


YouGov компаниясы жасаған зерттеу нәтижелері қазіргі заманғы адамдардың таза ауада аз уақыт өткізетінін көрсетіп отыр.

Ғалымдардың айтуынша, адам орта есеппен уақытының  90%-ын жабық кеңістікте өткізетін болып шықты. Зерттеу барысында Еуропа мен Солтүстік Американың 14 елінде 16 мың адамнан сұхбат алынды. Алынған ақпаратқа сай  адамдар  үй мен мекемеде өздері ойлағаннан әлдеқайда көп уақыт өткізеді екен. Респонденттердің 82%-ы бөлмеде 21 сағаттан көп отырмайтынына сенімді болса, 62%-ы бұл көрсеткіштің 18 сағатқа тең келетінін айтады. Ғалымдардың мәлімдеуінше, бұл ақиқат емес, нақты көрсеткіштер бұдан әлдеқайда жоғары. Директоры Мартин де Тюра осы мәселе туралы «Төрт қабырғаға қамалғандар буыны» (The Indoor Generation) деп аталатын қысқаметражды фильм түсірді. «Адамдарды бұл қамаудан шығаруды жаһандық деңгейде жүргізу үшін осы заман құралын пайдаландым», - дейді Тюра.

Massaget.kz
22 маусым 2018 ж. 853 0