№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » УКРАИНА ТМД-ДАН РЕСМИ ТҮРДЕ ШЫҚТЫ

УКРАИНА ТМД-ДАН РЕСМИ ТҮРДЕ ШЫҚТЫ


Украина үшін ТМД аясында жекелеген халықаралық шарттардың әрекетін тоқтату туралы жарлық жарияланды. Тиісті құжат Украина президенті Петр Порошенконың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Украина конституциясының 107-бабына сәйкес: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында қол қойылған Украина үшін жекелеген халықаралық шарттардың әрекет етуін тоқтату туралы» 2018 жылдың 2 мамырындағы Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің шешімін қолданысқа енгізуге қаулы етемін. Осы жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді», - деп жазылған Порошенко қол қойған құжатта.
Жарлыққа 19 мамыр күні қол қойылды. Сол күні Порошенко ТМД-дағы органдарынан ел өкілдерін шақыртып алды. Президент «енді оларға ол жақта істейтін ештеңе қалмады, біз бірге Еуропаға бет аламыз» деп меңзеді.
24 мамыр 2018 ж. 1 317 0