№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АМЕРИКАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚЫТАЙЛАР АШҚАН

АМЕРИКАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚЫТАЙЛАР АШҚАН


Қытай жазбасын зерттеуші Джон Рускамптың айтуы бойынша, аспан империясынан шыққан теңізшілер Христофор Колумбдан 2 800 жыл бұрын Америкаға табан тіреген, – деп жазды www.kp.ru сайты.
Иллинойс университеті зерттеушісі Джон Рускамп: «Америкаға осыдан 3300 жыл бұрын қытай теңізшілерінің қадамы жеткен», – деп мәлімдеді. Ал, бұған дейін Американы Христофор Колумб ашқан деп білеміз. Бірақ, Колумб Америкаға барған бірінші саяхатшы емес, тіпті екінші де емес, үшінші екен. Себебі, бұдан бұрын әлем ғылымы Колумбтан 500 жыл бұрын скандинавилық викинг (теңіз әскері) Лейф Эрикссон мұхит артындағы елге барған деген болатын. Енді викингтер мен испаниялықтарды қытайлар артта қалдырды. 

«Бұл болжам ойыма бірнеше жыл бұрын – Альбукердегі Ұлттық бақ петроглифтерін зерттеп жатқанда келген еді. Осы уақытқа дейін тастарға сызылған суреттер мен белгі, пиктограммалардың авторы американың байырғы халқы немесе испаниядан осы құрлыққа алғаш келгендердің ұрпағы болса керек деп есептелетін. Ұлттық бақтағы 25 мың таңба ішінен бірі көзіме оттай басылды. Бұл белгі қытайлықтар қайығын білдіретін «джоу» иероглифі екені есіме түсті»,  – дейді Джон Рускамп.
Осыдан соң Джон Рускамп Америкадағы петроглифтарды бір тәртіпке салып реттеп шығуға бел шешіп кіріскен. Нәтижесінде, Қытай иероглифтеріне ұқсайтын 84 пиктограмманы табады. Бұл белгілер бір-бірімен өзара байланысты мәтіндерден тұратын болып шығады. Мысалы, Альбукерден 400 шақырым жырақтағы тас таңбаларды оқығанда: «Он жылдық сапар мен айрылысудан соң және біз күн еліне қайттық, бір-бірімізді таптық» деген сөз шығады. Рускамп ізденістер нәтижесінде қытайлықтардың «Шань Хай Цзин» (тау мен теңіз) трактатында жазылған – Шығыс теңізін (Тынық мұхиты) жүзіп өтіп, күн шығатын алыс жерлер туралы айтылған жазуларға тап болады. Олар американы «Күн ұясы» деп атаса ғажап емес.
Тағы бір мәтінде кейбір рәсім немесе олжалы оралған аңшылыққа байланысты өткізілген құрбандық туралы айтылады. «Біз ұлы Цзян Шан және аспан иесі құрметіне ізгі ниетпен итті құрбандыққа шалдық» деп жазылған. «Бәрі бір-біріне тура келіп жатыр. Цзян Шан — Шан әулетінің үшінші патшасы. Ол заманымыздан бұрынғы екінші мыңжылдық соңында патшалық құрған. Ол дәуірде итті құрбандыққа шалу халық арасында кең тараған. Мәтін сол дәуірдегі Қытай сарай жұртының стилінде жазылған. Сол уақыттарда патша атына ұлы, мәртебелі деген сияқты сөздерді қосу әдет болған», – дейді Рускамп.
Дегенмен, бұл тастардағы жазу қазір мүлдем ұмытылған, біздің заманымыздан бұрынғы 1046 жылы болған әскери қақтығыстар нәтижесінде пайда болған Шан династиясы құлдырауынан кейін жоғалып кеткен. Археологтар 1899 жылы Аньян қаласы маңына алып барған зерттеу жұмысы нәтижесінде ғана осы жазуларды тапқан. Арада бір ғасыр өтсе де ғалымдар бұл жазуларды толықтай оқи алмай келе жатыр. Көзбояушылар ат төбеліндей ғалымдар ғана білетін иероглифтерді қолдануы мүмкін емес. Ескі жазу стилі ерекше болған, оның пайда болуы бал ашатын тастарға байланысты.
«Қытайда ерте заманда бал ашу былай болған екен. Көріпкел бір ірі қара малдың сүйегі немесе тасбақаның сауытын алып арнайы оттағы метал таяқпен сүйекті қыздырған. Сүйек бетінде пайда болған жарықтарға қарап болашақты болжаған. Оқуға қолайлы болу үшін жарықтар қара бояумен боялған. Осылай ескі жазу пайда болған. Бұлар заманауи қытай жазуынан мүлде ерекше. Америкадағы таңбалар осы жазулармен толықтай сәйкес келеді», – дйді Рускамп.
Сонымен, иероглифтер пайда болуындағы ерекше әдістер Джон Рускампке қытай теңізшілерінің Америкаға қай уақытта барғанын анықтауға көмектесті. Бұл біздің заманымыздан бұрынғы 1300 жылдар, Колумбтың дүниеге келуінен 2800 жыл бұрын болатын. Азиялық теңізшілер жаңа құрлыққа қалай барған, арадағы қашықтық Колумб жүзіп өткен қашықтықтан да ұзақ қой деген сауал туындайды. Қытайдың «джонка» деп аталатын кемесі испан желкенділерінен қалыспаған, тіпті кейбір жағынан артық та болған. Олар су өткізбейтін аралық қабырғалармен қорғалған. Бір бөлмені оқ тесіп өткен жағдайда да келесісіне су өтпеген.
02 мамыр 2018 ж. 1 621 0