№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғажап ғалымдар – Ричард Фейнман

Ғажап ғалымдар – Ричард Фейнман


 Данышпан ғалымның деңгейі оның дарыны мен ғылыми танымымен ғана емес, оларды қарапайым адамдарға ақылға сыйымды әрі түсінікті етіп жеткізе білуімен анықталады. «Егер сіз ғалым, кванттық физик болсаңыз және немен айналысып жүргеніңізді бес жасар балаға екі ауыз сөзбен түсіндіріп бере алмасаңыз, онда сіз – дүмшесіз» деген әйгілі сөздің авторы Ричард Фейнман солай есептеген.

Фейнман өз әріптестеріне және өзі үшін осындай формуланы енгізген. Америкалық физик-теоретик, кванттық электродинамика негіздерін қалаушылардың бірі, физика бойынша Нобель сыйлығының иегері функционалды интеграцияның жаңа әдістерін, Квантты құйын теориясын және нуклонның партонды үлгісін ғана емес, «ғалым-қоғам» байланысының түбегейлі жаңа қарым-қатынасының үлгісін ұсынды. Ділмар әрі көңілді, әзілді түсіне білетін, шытырман оқиғаларға дайын, керемет шешен Фейнман ойнақы түрде үлкен аудиторияның назарын өзіне аудара білетін. Барлық дәрістері аншлагпен өтетін. Оның 1960-жылдары Калифорния технологиялық институты студенттеріне оқыған дәрістер курсы бейнетаспаға жазылып, кейін «Физикадан Фейнман дәрістері» деген атауға ие болды. Бұл дәрістер материалды жеңіл жеткізу тәсілі: құрғақ ғылыми тілдің аз болуы, ашық бейнелілік және күнделікті өмірден мысалдар келтіру арқасында физика ғылымы бойынша ең танымал кіріспе курстардың біріне айналды.  Сонымен қатар, Фейнман универститеттердегі сабақ беру әдістемесінің реформаларының жақтасы болды. Ғалым классикалық академиялық жүйе өте ескірді, студенттердің алып жатқан білімдері шынай өмірден алыс, тым абстрактлі және шартты, қазіргі шақты бақылап, болашаққа қараудың орнына өткен шаққа бейімделген деп есептеді. Тек бұл ғана емес, Фейнман қалың көпшіліктің алдында да дәріс оқып, оларға физиканың күрделі құбылыстары мен заңдарын жеңіл, түсінікті мысалдармен түсіндіріп беретін. 1986-жылы ол телеарналардың бірінде тікелей эфирде күнделікті қолданыстағы заттармен «Челленджер» ғарыш кемесінің апатқа ұшырауының құпиясын ашуға мүмкіндік берген нәтижелі тәжірибе жасады.
02 мамыр 2018 ж. 883 0