Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Францияда атақты шіркеу неге өртенді?

Францияда атақты шіркеу неге өртенді?

Сенбі күні таңертең Францияның батысындағы Нант қаласында орналасқан Әулие Петр және Павелдің шіркеуі өртенді, – деп хабарлайды РИА Новости.

BFMTV телеарнасының хабарлауына қарағанда, өрт жергілікті уақыт бойынша таңертең сағат 07.30-да (11.30 Нұр-Сұлтан уақыты) басталған. Әзірге өрт себебі айтылмады. Тек болжам бар.
Өрт-құтқару қызметі департаментінің директоры Лоран Ферлэнің айтуынша, өртті жүзден астам маман 45 өрт сөндіру көлігінің көмегімен сөндірген. Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10.00-де өрт ауыздықталған.
Нант прокуроры Пьер Сен өрт қасақана жасалуы мүмкін екенін атап өтті. Себебі соборда өрт үш жерден шыққаны анықталған.
Әулие Петр және Павел соборы – Франциядағы ең ірі гот шіркеулердің бірі. Биіктігі – Париж құдай аналарының соборынан алты метр қысқа. Оның құрылысы XV ғасырда басталып, 457 жыл бойы жалғасқан.
Еске салайық, былтыр 15 сәуірде Париждегі құдай аналарының соборы отқа оранды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Нотр-Дам соборында шыққан жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына көңіл білдірді. Бүкіл әлем жұртын тарихи ғимараттың өрті бей-жай қалдырмады.
Дереккөз: Tengrinews
20 шілде 2020 ж. 976 0