Астанада жойқын өрт: оқиғаның мән-жайы

Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты. Өрт туралы хабар 21:11-де жетіп, бес минуттан соң оқиға орнына бірінші өрт сөндіру жасағы келген. Құтқарушылар келгенде ғимараттың ішкі конструкциясы құлап, өртті кеңсенің сыртынан сөндіруге тура келді.
"Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккердің басшылығымен жедел штаб құрылды", - деп атап өтті ведомство.
Өрт 22:45-те ауыздықталып, 01:42-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге елорданың төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 67 адам және 17 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.
Болжам бойынша, өртену аумағы 1 200 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.