ӨЗІ ЖҮРЕТІН АВТОБУС
Ресейде өтетін 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатында қонақтар өзі жүретін автобустармен тасымалданады.
Бұл жөнінде Жапонияның Киото қаласында өткен Халықаралық ғылым және технология форумында Ресейдің вице-премьері Аркадий Дворкович «футболдан Әлем кубогында қонақтарды жүргізушісіз көліктер тасмалдайды», деп айтты деп жазды hi-news.ru ақпараттық порталы.
НАМИ мен «КамАЗ» ЖАҚ әзірлеген ұшқышсыз автокөліктердің ықтимал қатысуы бұрын айтылған, бірақ бұл мәлімдемелердің ресми растамасы болған жоқ. Электрмен жабдықталмаған автобустар сағатына 60 шақырым жылдамдықпен қозғалуға қабілетті. КАМАЗ автобустары автокөлік белгілері бар жолдар бойымен автоматты түрде қозғалады, сондықтан болашақта оларды барлық жерде қолдануға болады.