№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қытайда эпидемия басталмай тұрып коронавирустан сақтандыруға тырысқан дәрігер көз жұмды

Қытайда эпидемия басталмай тұрып коронавирустан сақтандыруға тырысқан дәрігер көз жұмды

Қытайдың Ухань қаласында коронавирустан дәрігер Ли Вэньлян көз жұмды. Офтальмолог эпидемия басталмай тұрып, жаңа коронавирус туралы ескертуге тырысқан, бірақ "жалған ақпарат таратқаны үшін" полициядан сөгіс алған. Кейінірек дәрігердіңөзіне де вирус жұққан.
Бұған дейін қытайлық БАҚ Ли Вэньляннің халі ауыр деп хабарлаған.
30 желтоқсанда Вэньлян әріптестеріне вирус жұқтырған науқастар туралы хабарлап, әуел баста пневмонияныңқалыпты емес түрі тарай бастады деген. Кейінірек вирустың түрі анықталмады деді.
3 қаңтарда дәрігерді полицияға шақырып, "интернетте сыбыс таратып", "қоғам тәртібін бұзғаны үшін" сөгіс берілген.
Бұдан соң Ли ауруханадағы жұмысын жалғастыра берді. Оныңқабылдауында коронавирус жұқтырған науқастар да болған. Кейінірек Вэньляннің вирусты жұқтырғаны анықталды.
Жаңа коронавирус мыңнан астам адамнан табылғаннан кейін Қытайдың жоғарғы соты полиция әрекетін сынап, дәрігерге орынсыз сөгіс берілгенін айтқан.
Уханьда пневмонияның жаппай тарай бастағаны туралы ақпарат өткен жылы желтоқсан айында пайда болған. Қытай билігі бірнеше апта бойы белгісіз вируспен күресуге белсене кіріскен жоқ. Олар аурудың тарап жатқаны туралы ақпаратты да жасырған.
Азаттық радиосы
07 ақпан 2020 ж. 534 0