№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемді дүр сілкіндірген 5 фрилансер

Әлемді дүр сілкіндірген 5 фрилансер



Кеңсе қызметкері тұрақты және жоғары жалақыға жұмыс жасауы мүмкін, алайда, әлемде жаңалық ашқан өткеннің танымал тұлғалары фрилансты таңдаған. Компания басшылары фрилансерге көбіне еңбек өтілі жоқ, тәжірибесі аз қызметкер ретінде қарайды. Бұл қате пікір екенін айғақтау үшін, назарларыңызға фрилансер қызметін атқара жүріп әлем халқына зор табыс әкелген 5 фрилансер жайлы ақпарат ұсынамыз. Фрилансер деген кім? Еркін адам. Еркін қызметкер. Фрилансерге міндеттелген жұмыс уақыты болмайды. Бұл термин алғаш рет шотландиялық жазушы Вальтер Скоттың 1819 жылы басылып шыққан «Айвенго» романында қолданылған. Фрилансерлер көбіне журналистика, юриспруденция, компьютерлік бағдарламалау, аударма, архитектура, құрылыс, дизайн салаларында қызмет көрсетеді. Қазіргі қоғам интернетке бейімделгелі бері фриланс қызметтері интернет арқылы да жүзеге асып жатыр. Әлеуметтік желілерден «Үйде отырып-ақ ақша тапқыңыз келе ме?» деген жарнамаларды талай кездестірген боларсыз. Бұл фрилансердің заманға лайықталған жаңа қызмет түрлері. Фриланс-қызмет көрсету нарығы Батыс Еуропа мен АҚШ-та айтарлықтай дамыған. Фрилансерлер өз қызметін газет-журнал беттеріне, радиоға, интернет парақшаларға жариялап, көп жағдайда жұмыс берушілерді өздері іздейді. Ал, маусымдық жұмыс кезінде компания басшылары оларды өздері іздейді. Сонымен, жоғарыда айтқандай, фриланс қызметін атқара жүріп толайым табысқа жеткен әлемнің 5 үздік фрилансерін назарларыңызға ұсынамыз.
 Рэй Крок (1902-1984) кәсіпкер
Суреттегі ер азаматты көбісі танымасы анық. Дегенмен, сэндвичті көріп тамақ өндірісіне қатысы бар адам деп байланыстыруға болады. Бұл америкалық белгілі кәсіпкер – Рэй Крок. Ол McDonald’s фаст-фудтарының жүйесін ойластырып, сол жүйені қолданысқа енгізген. Қажырлы еңбегінің арқасында, кәсіпкер Time журналы дайындаған «XX ғасырдың ең маңызды 100 адамы» тізіміне енді. Ол фрилансерлік қызметін коктейль араластырғыш құралдарды сатудан бастаған. Уақыт өте өз жұмысының қыр-сырын толық меңгергеннен кейін, ол өзінің жеке құрылғыларын жасай бастайды. Рэй бұл кәсіпті өрістетіп, осы бағатта 30 жыл жұмыс істеді. Ағайынды Макдональдтармен кездескеннен кейін оның мейрамхана бизнесіне қызығушылығы артып, соңында ол Макдональдтардың серіктесіне айналды. Бұл кәсіпті алғаш бастағанда Рэй Кроктың жасы 52-де еді.
Уолт Дисней (1901-1966) дизайнер, фотограф
 Уолт Дисней ерікті түрде әскерге аттану үшін оқуды 16 жасында тастап кеткен. Алайда, жасының 18-ге толмауына байланысты оны сарбаздар қатарына қабылдаған жоқ. Осы кезеңде ол фриланс қызмет көрсету арқылы өз қолымен салған суреттерін, карикатуралық портреттерді сатумен айналысты. Уақыт өте Уолт арт-студияға дизайнер есебінде жұмысқа тұрды. Бұл қызметтен кейін, коммерциялық студияларда жұмыс істеді. Қандай қызметке орналасса да, ол бұл жұмысты тұрақты істей алмады. Сөйтіп, бұрынғы фриланс қызметіне қайта оралып, қолмен салынған суреттерін жеке меншік студияларға, газет-журналдарға сатумен айналысты. Осы қызметті атқарумен қатар ол суретке түсіру, дизайн, безендіру, әсіресе анимацияны меңгеруге күш салды. Жаңа дағдыларды, қабілеттерді меңгере жүріп ол өзінің жаңа анимациялық туындысын жасай алды.
Альфред Нобель (1933-1896) химик, өнертапқыш
Нобель – жарылғыш динамитті ойлап тапқан өнертапқыш ретінде әлемге әйгілі. Одан бөлек, оның физиология, электрохимия, биология салаларында да өнертабыстары жетерлік. Альфред Нобельдің өз заманындағы ғалымдардан артықшылығы, өзінің ғылымға енгізген өнертабыстарын орынды жарнамалап, оны қолданысқа енгізе алуында.
Эрнест Хемингуэй (1899-1961) жазушы
Хемингуэй – әлем әдебиетінің классик жазушысы. Оның кітаптары бүгінде Жер планетасының қиыр-қиырында кездеседі. Ол өз шығармашылығын Американың «Торонто Стар» газетінде штаттан тыс қызметкер ретінде бастаған. Журналист тек жазған материалдарының қаламақысын ғана алып отырды. Фрилансер есебінде жұмыс істей жүріп, ақырындап алғашқы романын жазуға кірісе бастады. Осы алғашқы туындысы оқырман көңілінен шығып, оның болашақ шығармашылығының іргетасы берік қаланды.
Чарльз Диккенс (1812-1870) журналист, жазушы
 Диккенс – роман жазудың шыңына шыққан жазушы. Бала кезінде оның әкесі сотталып, отбасының берекесі кетеді. Осы кезеңде ол оқуды тастап, күн көру үшін қара жұмыс істеуге жалданады. Уақыт өте, Диккенс сот репортері ретінде жұмысқа тұрады. Шығармашылыққа бір табан жақындағаннан кейін, ол 7 жыл қатарынан фриланс қызметінде түрлі басылымдарда жұмыс істейді. Әбден шыңдалып, кемеліне келген кезеңде ол жазу үстеліне отырды.

Дереккөз: мassaget.kz
28 тамыз 2018 ж. 807 0