» Әлемдегі ең қатал 5 түрме

Әлемдегі ең қатал 5 түрме

Қазіргі таңда қоршаған ортамыз өте қауіпті. Тіпті қоғамда небір сұмдық іс-әрекетке баратын адамдар да аз емес. Алайда оларды ұстап отыратын орын бар. Ол  "түрме" деп аталады. Бүгін біз сіздерге әлемдегі ең қатал 5 түрмені назарларыңызға ұсынамыз. 

1. Бангкванг түрмесі
Бангкванг түрмесі Бангкоктан 11 км жерде орналасқан. Бұл жердегі қылмыскерлер өте тар, тығыз бөлмелерде жатады. Ал өлім жазасына кесілгендер денеге инемен дәрі жіберу арқылы көз жұмады. Сонымен қатар мұнда келген қылмыскерлер алғашқы үш айда аяқтарына кісен тағып жүреді.

2. Рикерс түрмесі
Нью-Йорктік Рикерс түрмесінің қызметкерлері қамалушыларды қатаң бақылауда ұстайды. Бұл жерде жұмыс істейтін бақылаушылар мен күзетшілер күн сайын небір түрлі аянышты өлімді көзбен көреді. Сондықтан бұл жер қаталдығымен көпшілікке танымал. Абақтыға жылына бюджеттен 800 миллион доллар бөлінеді.

3. Сан-Квентин түрмесі
Сан-Квентин түрмесінің іргетасы 1852 жылы қаланған. Қазіргі таңда Калифорниядағы ең көне түрме. Ол 2006 жылы бұқаралық ақпарат құралдарының ең көп қозғаған тақырыбы болды. Өйткені мұндағы тұтқындардың өмірі өте қиын болған. 

4. Алькатрас түрмесі
Алькатрас − әлемдегі ең танымал түрме. Мұнда қылмыс әлеміндегі аты шулы адамдар отырған. Оның бірі − Аль Капоне, лақап аты − "шрам". 1946 жылы көптеген тұтқын түрмеден қашудың жолын іздейді. Алайда олар ойлағандарын жүзеге асыра алмайды. 1963 жылы түрме бюджеттен бөлінетін қаржының жетіспеушілігінен жабылып қалады. 

5. Сабанета
Венесуэлада орналасқан түрме − әлемдегі ең қатаң түрмелердің бірі. Бұл жерге бір уақытта 15 мың адам қылмыстық жазасын өтей алады. Алайда деректерге сүйенетін болсақ, мұндағы жалпы тұтқын саны 25 мыңнан асады. Ең көп қызметкерлер құрамы да осы түрмеде. 1994 жылы бұл жерде 108 қамалушы өлсе, 1995 жылы 624 қылмыскер қатты жараққаттанып, 196 адам өмірімен қоштасқан. 


ДЕРЕККӨЗ: massaget.kz.

---
12 ақпан 2019 ж. 1 050 0