Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші

Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші


28.11.2025жылы Астана қаласында, Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдері үшін арнайы республикалық диалог-платформасы өтті. Осы маңызды жиынға Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінің әкіміне қатысуға мүмкіндігі бұйырды. Жиынға арнайы қатысқан Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл әкімдерінің қызметіндегі басымдықтарды нақтылап, ауылдық аумақтардың даму барысына ерекше назар аударды. Ел басы, еліміздің өсіп-өркендеуі алдымен ауылдардың жағдайына байланысты екенін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі басымдықтарды атап өтіп, ауылды өркендету – жалпыұлттық стратегиялық мақсат екенін ерекше атап өтті.
Президент өз сөзінде:
«Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші», – деді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы:
«Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз.
Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ.
Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше. Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек.
Жаңа ғана бірнеше әкімнің сөзін тыңдадық. Айтылған ой-пікірлерді және ұсыныстарды мұқият зерделеп, жұмыс барысында міндетті түрде ескеру қажет»– деді.
Президенттің бұл сөздері бізге ауыл әкімдеріне ел дамуындағы орны мен жауапкершілігін айқындай түседі. Бұл диалог-платформа тәжірибе алмасуға, өңірлердегі үздік практикаларды зерделеуге, әрі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда жаңа серпін алуға зор мүмкіндік болды.
---
02 желтоқсан 2025 ж. 48 0