№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» МӘМС бойынша медициналық ұйымды таңдау құқығын қалай пайдалануға болады?

МӘМС бойынша медициналық ұйымды таңдау құқығын қалай пайдалануға болады?



ӘМСҚ облыстық филиалының басшысы айтып өткендей, егер медициналық себептер бойынша тексеру немесе тар маманның кеңесі қажет болса, бірақ емхана 10 жұмыс күні ішінде сізге осы медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алмаса, сізді, бірлесіп орындау шарты бойынша, басқа медициналық ұйымға жіберу керек.
«Белгілі бір қызмет түрлері бойынша пациент медициналық ұйымды өз бетінше таңдай алады. Мұны қалай жасауға болады? fms.kz сайттында «Медициналық қызметтерді сатып алу – Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқоры - КДҚ жеткізушілер» бөлімдерінде қажетті қызметті табыңыз. Жеткізушілер тізімінен медициналық ұйымды таңдап, жақын арада қабылдау бар-жоғын анықтаңыз. Жергілікті дәрігерден сол жерге жолдама беруін сұраңыз. Егер емханада сіз таңдаған медициналық ұйыммен бірлесіп орындау шарты болмаса, жолдама берілгеннен кейін ол автоматты түрде жасалады», - деп түсіндірді спикер.
Бақыт Торғайбайұлы хабарлағандай,  14.02.2023 жылғы кезеңде ӘМСҚ Қызылорда филиалы аймақтың 108 медициналық ұйымдарымен шарт жасасқанын (тізім осында орналастырылған), оның 45-і стоматологиялық қызмет көрсетеді.
Егер тағы сұрақтар туындап жатса, сіз өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жердемардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналары арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты,     1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Осы құралдар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтында egov.kz "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.
---
14 ақпан 2023 ж. 171 0