№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан" төленетін әлеуметтік төлемдер жайлы

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан" төленетін әлеуметтік төлемдер жайлы

Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсанындағы №286-VI Заңына байланысты мынадай төлемдер төленеді.


1. Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына байланысты,
2. Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты,
3. Жұмысынан айырылу жағдайына байланысты,
4. Жүктілігіне және босануына байланысты кірісінен айырылу жағдайына,
5. Жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына,
6. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына.

Бұл төлемдерге «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» қатысушысы болып табылатын әрбір азамат құқылы болып табылады.
Осы аталған төлемдерге құжат тапсыру ХҚКО арқылы, Еgov электронды үкімет порталы арқылы, «Қазақстан Халық Банкінің», Kaspi Банктің қосымшалары арқылы, және сонымен қатар жұмысынан айрылғандар үшін Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, ал еңбек ету қабілетінен айрылғандар үшін арнайы медициналық сараптама комиссияларында композиттік қызмет көрсету түрінде де жүргізіледі.

Әлеуметтік төлемдер бойынша қызмет алушылардың назарына: жүктілігіне және босануына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауда әлеуметтік қатер туған айға дейінгі соңғы 12 айдың, және басқа әлеуметтік төлем тағайындау барысында әлеуметтік қатер туындаған айға дейінгі соңғы 24 айдың жұмыс беруші тарапынан аударылатын әлеуметтік аударымдары мен зейнетақы жарналарының сәйкестігі мен уақытылы аударылуы тексерілетінін жеткіземіз.

Кейбір жағдайларда табыстың осы аталған әлеуметтік және зейнетақы аударымдарымен сәйкессіздігі мен уақытынан кеш аудару көптеп кездесуіне байланысты, алдын ала жұмыс беруші өз тарапынан аударылған аударымдарды тексергенін түсіндіргіміз келіп отыр.

Егер жұмыс беруші тарапынан аударылған аударымдардың кемі болса толықтырылу керек, ал артық аударым болған жағдайда;
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 18 қазан 2013 жылғы №1116 санды қаулысында көрсетілген 5 және 6 қосымшаларға сай зейнетақы жарналарын қайтара алады.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы №224 бұйрығындағы белгіленген 1 және 2 қосымшалар арқылы әлеуметтік аударымдар қайтарылады.

2022 жылға белгіленген 60000 теңге төменгі жалақының 3,5% – 2100 теңге әлеуметтік аударымның ең төменгі мөлшері, және ең жоғарғысы 14700 теңге, яғни 60000 теңге төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен 420000 теңгеден артық емес сомманы құрайды.
Ал 2023 жылға бұл көрсеткіш белгіленген 70000 теңге төменгі жалақының 3,5% – 2450 теңге әлеуметтік аударымның ең төменгі мөлшері, және ең жоғарғысы 17150 теңге, яғни 70000 теңге төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен 490000 теңгеден артық емес сомманы құрайтынын хабарлаймыз.
Аударымдардың ай сайын дұрыс әрі уақтылы аудырылғандығын – Еgov электронды үкімет порталынан, «Қазақстан Халық Банкінің» қосымшаларынан қарап тексеріп отыруға болады.

Әлия Аблаева, «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы » коммерциялық емес
акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша
филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі
Жаңақорған аудандық бөлімінің басшысы
---
26 желтоқсан 2022 ж. 194 0