Аяз жылы. Жуықта жұмысыма бара жатып үйреншікті жерден көше сыпырушы танысымды тағы жолықтырдым. "Ай, көке бала, қалың қалай?!." деп қолындағы күрегін қарға қадай салып, маған жетіп келді, келді де менімен үзеңгілесе жүріп әңгімесін бастап кетті. Мен оны тыңдаймын ба, жоқ па, онымен ісі шамалы, ішіндегісін...