"Жазым ғой" деген жалаң пікірден қашан құтыламыз?
Жасыратыны жоқ, оқыс оқиға жиілеп кетті. Анау күні Қызылорда қаласында аялдамада тұрған бір шаңырақтың екі өспірімі оқиға орнында қыршын кетіп, жүрекке салмақ түсірді. Төменарықтағы жол оқиғасы жадымыздан әлі өшкен жоқ. Қандай ауыр жағдай десеңші! Жаңақорған кентіндегі «Ғани» дүкені жанында тағы бір оқиға...